Солтүстік Қазақстан облысында халыққа қолайлы жағдай жасау мәселелері талқыланды

Солтүстік Қазақстан облысында халыққа қолайлы жағдай жасау мәселелері талқыланды

СҚО әкімінің орынбасары Ғани Нығыметовтың төрағалығымен сыбайлас жемқорлық көріністерін және тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою бойынша онлайн-кеңес өтті. Кездесудің өткізілуіне «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі мұрындық болды. Оның басты міндеті тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою және қоғамдық бақылауды күшейту болып табылады.

Іс-шараға Агенттіктің Парасаттылық департаментінің директоры Ғанижан Асанұлы, «Адалдық Алаңы» республикалық жобалық кеңсесінің жетекшісі Төлеген Байғұлов және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі СҚО бойынша департаментінің басшысы Ернар Баянғазин қатысты.

«ZOOM» платформасында өткен жиынға онлайн режимде өңір аудандарының әкімдері және «Қызылжар – адалдық алаңы» жобасының да үйлестірушілері қосылды. Барлығының пікірі бір – жемқорлық ашықтық пен айқындықтан қорқады.

«Облыста ауылдық округтерде сервистік әкімдіктерді ашудың ұтымдылығы мәселесі бойынша мониторинг жүргізілді. Талдау барысында 122 ауылдық округ бойынша ақпарат талданды. Ұсынылған ақпарат негізінде көп жағдайда ауылдық әкімдіктердің ғимараты жеке секторда немесе Мәдениет үйінің ғимаратында және т.б. орналасқан деп қорытынды жасауға болады. Орта есеппен 2-ден 8-ге дейін мемлекеттік қызмет көрсетіледі және 8-ден аспайтын қызметкер жұмылдырылады. Әрбір округте «Connection Point» өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істеуі қажет. Мониторинг қорытындысы бойынша 19 ауылдық округте open space форматына аударуды ұсынамыз. Алғашқылардың бірі болып Тайынша ауданы Келлеровка ауылын ашу міндеті тұр», - деді Ғани Нығыметов.

Бұған қатысты «Адалдық алаңы» республикалық жобалық кеңсесінің басшысы басты назарды сервистік әкімдіктің әдемі ашылуына емес, артынан оның халық үшін тиімді қызмет етуіне бөлу қажеттігін ерекше атап өтті.

«Сервистік әкімдіктің негізгі мақсаты – әкімдіктің өзінде жабдықталған орын немесе талаптарға сәйкес мемлекеттік қызметтерді алу кезінде халыққа қолайлы жағдайлар жасалған жеке ғимарат. Екіншіден, сервистік әкімдікке мынадай талаптар қойылады: ашықтық, қолжетімділік, клиентке бағдарлану және есептілік. Егер бұл принциптер толыққанды жұмыс істемесе, осының бәріне қомақты қаражат бөліп, ауыз толтырып ашудың қажеті бар ма?», - деді Төлеген Байғұлов кездесуге қатысушыларға.

Аталған мәселе бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл аумақтық департаментінің басшысы тарапынан да бірқатар сын айтылды.

«Назарларыңызды мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылуына аударамын. Бүгінгі таңда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыруға бөлінетін мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тапсырыс беруші тарапынан немқұрайлы және бақылаусыз жүзеге асырылу көрінісі орнап отыр. 1-жартыжылдықтың қорытындысы бойынша біздің мамандарымыздың қатысуымен бір де іс-шара өткізілмеді және олар негізінен өз нәтижесін бермейтін біржолғы, арзан акциялар», - деді Ернар Баянғазин.

Осы орайда, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомство жетекшісі жемқорлықтың алдын алу міндетін елемеген басшыларға тәртіптік жауапкершілік қарастырылғандығын кезекті рет еске салды.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив