АССАМБЛЕЯ ҚҰРБАН АЙТТА  78 798 770 ТЕҢГЕНІҢ КӨМЕГІН КӨРСЕТТІ

АССАМБЛЕЯ ҚҰРБАН АЙТТА 78 798 770 ТЕҢГЕНІҢ КӨМЕГІН КӨРСЕТТІ

 

Қазақстан халқы Ассамблеясы Құрбан айт күндері індетке қарсы күрескен дәрігерлерді қолдау мақсатында республикалық деңгейде «Мың алғыс» қайырымдылық акциясын ұйымдастырып, 78 798 770 теңге көлемінде гуманитарлық көмек көрсетті.

Шараға ҚХА мүшелері мен кәсіпкерлері, меценаттар мен этномәдени бірлестіктердің өкілдері, «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының өкілдері мен еріктілері атсалысып, 11 461 медициналық қызметкерге және 7035 отбасыға қайырымдылық жасады.

Нақтырақ айтқанда, вирус анықталған науқастармен тікелей жұмыс істейтін медицина қызметкерлерінің отбасына, провизорлық орталықтарға, дәрігерлер оқшау тұрып жатқан жатақхана мен қонақүйлерге құрбандыққа шалынған мал еті таратылып, азық-түлік себеттері тарту етілді. Стационарда жатқан емделушілер мен қызмет барысындағы ақ халатты абзал жандарға ыстық тамақ жеткізіліп, көкөніс пен жемістер, тәттілер мен ұлттық сусындар үлестірілді.

Пандемия дертінен бақилыққа аттанған дәрігерлердің жанұясына да қаржылай көмек көрсетіліп, ұл-қыздарына мерекелік сыйлық жасалды. Мұқтаж отбасыларға да көңіл бөлініп, мал етінен бөлек, түрлі азық-түліктермен қамтамасыз етілді.

Солардың ішінде астаналық «Вайнах» шешен-ингуш, «Хазар» әзірбайжан, «Таң» татар-башқұрт, «Қырғызстан-Астана» және «Жайхун» қарақалпақ этномәдени бірлестіктерін, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Атырау, Қостанай облысы мен Алматы қаласының барлық этнос өкілдерін, Аналар кеңесі, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысын, Солтүстік Қазақстан облыстық «Дуслык» татар-башқұрт қоғамдық орталығын, Түркістан облыстық өзбек, татар, әзербайжан этно-мәдени орталықтарын, Алматы облысы Ұйғыр ауданы ҚХА белсенділерін айрықша атап өтуге болады. 

Естеріңізге сала кетсек, Қазақстан халқы Ассамблеясы наурыз айында енгізілген төтенше жағдай кезінде республикалық «Біз біргеміз!» акциясы аясында мұқтаж азаматтарға 376 454 347 теңгеге қаржылай көмек көрсетіп, 515 мыңнан астам медициналық маска таратқан еді.

Пневмония дерті ушыққан соңғы бір айда ақ халатты абзал жандар мен провизорлық орталықтарға  қол ұшын созып,  151 443 526 теңгеге қажетті дәрі-дәрмек пен өкпені жасанды желдету аппараттарын сатып алды.

Ал Мақтааралда орын алған су тасқынынан зардап шеккендерге де этнос өкілдері жұдырықтай жұмылып, 101 936 000 теңгеге 335 тонна гуманитарлық көмек пен құрылыс материалдарын жөнелткен болатын.

Былтырғы жылы Ассамблеяның әртүрлі деңгейдегі қайырымдылық шараларға көрсеткен көмегі 4,5 млрд теңгеге жуықтайды.

 

Қазақстан халқы Ассамблеясы Баспасөз қызметі

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив