«Jas Otan» ЖҚ белсенділері еліміздің медицина қызметкерлерін «Алғыс пакеттерімен» қуантты

«Jas Otan» ЖҚ белсенділері еліміздің медицина қызметкерлерін «Алғыс пакеттерімен» қуантты

Бүгін, коронавирусқа қарсы күрес кезінде отандық дәрігерлерді қолдау аясында жасотандықтар Нұр-сұлтан және Алматы қалаларында «Алғыс пакеттерін» тарату акциясын ұйымдастырды.

  

Әрбір осы пакетте дәрігерлерге арналған витаминдер мен пайдалы қасиеттері бар өнімдердің оннан астам түрі салынған. Пакеттерге аталған өнімдер дәрігерлердің ұсынысы бойынша салынғанын атап өту керек.

  

Волонтердің айтуынша, бұл акция еліміздің барлық өңірлерінде жалғасын табуда.  

«Бүгін біз, жасотандықтар, біздің ержүрек дәрігерлеріміз үшін акция ұйымдастырдық. Өйткені, олар бүкіл қоғамды әбігерге салған коронавирус пандемиясымен күнделікті күресуде. Әрбір пакетте витаминдер мен минералдар бар пайдалы өнімдер салынған. Сондай-ақ, бұл акцияны өңірлерде біздің еріктілер жалғастыратын болады. Біз бұл ауруды бірлесіп жеңеміз деп сенемін», - Айдарбек Бақдаулет

  

«Jas Otan» ЖҚ 100-ден астам еріктісі бірнеше апта бойы өз отбасыларынан оқшаулауға мәжбүр болған орта буын медицина қызметкерлері үшін «Алғыс пакеттерін» таратуды ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта Нұр-сұлтан қаласында коронавирусқа қарсы күресте 2,5 мыңнан астам медицина қызметкері, Алматыда 4 мың медицина қызметкері жұмыс істейді.

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив