ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ҮНДЕУІ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ҮНДЕУІ

 

Қазақстан Республикасының Конституциясында адам және оның өмірі мемлекеттің жоғары құндылықтары деп көрсетілген. Қалыптасқан қолайсыз эпидемиологиялық жағдай бірінші кезекте бізден, осы қауіпті індеттің таралуына қарсы тұру ісінде жеке жауапкершілік пен жалпыға ортақ ынтымақтастықты талап етеді. Әңгіме біздің азаматтарымыздың – балалар, ата-аналар, достарымыз және жақындарымыздың өмірі мен денсаулығы туралы болып отыр.

Осыған байланысты, біз, Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясы Мемлекеттік комиссия жариялаған қатаң шектеу шараларын толық қолдаймыз және оларды іске асыруға белсенді қатысуға дайын екенімізді білдіреміз.

Елімізде төтенше жағдай жарияланған алғашқы күндерден бастап ҚРКФ халық пен мемлекетке қолдау көрсетіп келеді. Алғашқы қадамдардың бірі карантинге жіберілген адамдарды орналастыру үшін кәсіподақ активтерін ұсыну туралы бастама болды. 

Кәсіподақ ұйымдарының «шұғыл байланыс желілері» мен жедел штабтары еңбек қатынастары саласындағы заңбұзушылықтарға тұрақты мониторинг жүргізуге мүмкіндік берді.

ҚРКФ кәсіподақтар бірлестіктері КВИ-мен күреске жұмылдырылған медицина қызметкерлері мен кәсіподақтар мүшелеріне жеке қорғаныс құралдарын, бірінші қажеттіліктегі тауарларды сатып алу үшін материалды көмек көрсетуде.

Әрине, кәсіподақ ұйымдары инфекция таралған уақыттан бастап жұмыс берушілерді санитарлық нормаларды сақтауға және өз қызметкерлерін жеке қорғану құралдарымен, санитарлармен қамтамасыз етуге, әлеуметтік қашықтық үшін жағдай жасауға шақырды.

Бүгін біз барлық кәсіпорындардың басшылары мен еңбек ұжымдарына жүгініп қана қоймай, әр жұмыс берушінің Еңбек адамының өмірі мен денсаулығы үшін жоғары жауапкершілігі туралы айтамыз.

Біз жұмыс орындарында қатаң санитарлық нормалардың сақталуын және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету жағдайларын қоғамдық бақылау құқығын өзімізге қалдырамыз. Адамдар жұмыс берушілер тарапынан жауапсыз және немқұрайлы қарым-қатынастың құрбаны бола отырып, өздерін және жақындарына қауіп төндірмеуге тиіс.

Бүгінде орын алған жағдай бүкіл қоғам үшін нағыз сынақ болды және жұмыс берушілермен қатар, жұмысшылардан ынтымақтастықты және мүмкіндігінше үйлесімді іс-қимылдарды талап етеді. Яғни, жұмысшылар өз денсаулықтары үшін ғана емес, сондай-ақ айналасындағы адамдардың да денсаулығы үшін жоғары жауапкершілікке ие. 

Қазір мемлекет үшін күрделі кезең. Сондықтан, барлығымыз қауіп-қатердің алдында бірігуіміз керек және біз неғұрлым қиын сынақтар мен тарихтың сын-қатерлерін жеңген біртұтас халық, біртұтас ел екенімізді ұмытпауымыз керек.

Сондықтан да, біз бүкіл қоғамның біріккен күш-жігерінің арқасында осы қиындықты жеңетіндігімізге және жылдан-жылға барлық қазақстандықтардың әлеуетін арттырып, лайықты болашаққа деген бағдарымызды жалғастыратындығымызға сенімдіміз.

ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ. ОРТАҚТАСТЫҚ. ЖАСАМПАЗДЫҚ.

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив