Халықаралық стандартталған тестілеулерінің сертификаты бар тұлғалар білім беру грантын тағайындау конкурсына қатыса алады және (немесе) жоо-лардың ақылы бөліміне түсе алады

Халықаралық стандартталған тестілеулерінің сертификаты бар тұлғалар білім беру грантын тағайындау конкурсына қатыса алады және (немесе) жоо-лардың ақылы бөліміне түсе алады

 

2020 жылы SAT, ACT және IB халықаралық стандартталған тестілеулерінің балдарын Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) балдарына ауыстыру шкаласы енгізілді.

Енді SAT, ACT және IB халықаралық стандартталған тестілеулерінің сертификаты бар тұлғалар білім беру грантын тағайындау конкурсына қатыса алады және (немесе) жоо-лардың ақылы бөліміне түсе алады. Бұл жоғары білім алуға деген қолжетімділікті кеңейтуге мүмкіндік береді.

SAT Reasoning және SAT Subject сертификаты болған жағдайда SAT тестілеуінің балы ҰБТ балына ауыстырылады. Сондай-ақ SAT Subject нәтижелері ҰБТ балына тек бейінді пәндер сәйкес келген жағдайда ғана ауыстырылады.

«SAT, ACT және IB халықаралық стандартталған тестілеулер шкаласының ҰБТ балына ауыстырылуы жоғары білімнің аясын кеңейту үшін енгізілді. SAT тестілеуінің балын ҰБТ балына ауыстыру тек SAT reasoning (мектептегі дағдылар – оқу, хат және математика бойынша тест) және SAT Subject (жекелеген пәндер бойынша тест) сертификаты болған жағдайда ғана жүзеге асырылады. Сондай-ақ SAT Subject нәтижелері ҰБТ балына тек бейінді пәндер сәйкес келген жағдайда ғана ауыстырылады»,– деді ҚР БҒМ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев.

SAT – АҚШ-тың жоғарғы оқуларына түсу үшін тапсырылатын стандартты тест екенін естеріңізге сала кетейік. ACT тестілеуі әдетте АҚШ колледждеріне түсу үшін пайдаланылады. Ал IB – түлектерді тек АҚШ-тың ғана емес, Еуропа елдерінің де жоо-ларына дайындауға арналған білім беру бағдарламасы.

Төменде SAT, ACT стандартталған тестілеуінің халықаралық сертификаты мен Халықаралық IB бакалавриат бағдарламасын ҰБТ балына ауыстыру шкаласы көрсетілген.  

 

 

 

Халықаралық стандартталған SAT тест сертификатының балдарын ҰБТ балдарына ауыстыру шкаласы

SAT халықаралық стандартталған тест

ҰБТ

Тест түрлері

Баллдар

Тест түрлері

Баллдар

SAT reasoning

1 050 балдан кем емес

1 блок (міндетті пәндер)

60

SAT subject

2 бейінді пәндердің әрқайсысы бойынша 650 балдан кем емес*

2 блок (2 бейінді пән)

80

* «ағылшын тілі» пәні үшін IELTS нәтижелері ескеріледі

Ескерту: SAT балдарын ҰБТ-ға ауыстыру тек бір уақытта SAT subject және SAT reasoning сертификаттары болған жағдайда ғана жүзеге асырылады. SAT subject нәтижелерін ҰБТ балына ауыстыру бейінді пәндер сәйкес келген жағдайда ғана жүргізіледі.

 

ACT стандартталған тестінің халықаралық сертификатының балдарын ҰБТ балдарына ауыстыру шкаласы

ACT халықаралық стандартталған тест

ҰБТ

Тест бөлімдері

Баллдар

Тест түрлері

Баллдар

English

Mathematic

Reading

әрбір бөлім бойынша кемінде 18 балл

1 блок (міндетті пәндер)

60

Science (биология, география, химия, физика)

кемінде 18 балл*

2 блок (2 бейінді пән)

80

* «ағылшын тілі» пәні үшін IELTS нәтижелері ескеріледі.

 

 

 

 

IB Халықаралық бакалавриат бағдарламасының балдарын ҰБТ балдарына ауыстыру шкаласы

 

Пәндер/ бағалар

IB

1

2

3

4

5

6

7

1

Қазақ тілі (оқу сауаттылығы)

6

9

12

15

17

19

20

2

Қазақ тілі (бейіндік пән)

12

18

24

30

34

38

40

3

Орыс тілі (оқу сауаттылығы)

6

9

12

15

17

19

20

4

Орыс тілі (бейіндік пән)

12

18

24

30

34

38

40

5

Қазақстан Тарихы

6

9

12

15

17

19

20

6

Математика (Математикалық сауаттылық)

6

9

12

15

17

19

20

7

Математика (бейіндік пән)

12

18

24

30

34

38

40

8

Бейіндік пәндер

12

18

24

30

34

38

40

 

ҚР БҒМ баспасөз қызметі

 

 

 

 

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

1 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив