Нотариустың атқарушылық жазбасы

Нотариустың атқарушылық жазбасы

Соттарға сенім - мемлекетке сенім болып табылады. Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаев сот жүйесінің жетілдірілуі экономиканы модернизациялаудың және азаматтардың әлеуметтік жағдайын жақсартудың маңызды аспектісі болып табылатындығын атап көрсетті.

Осыған байланысты, қолданыстағы заңнамаға азаматтық істер бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу рәсімдерін оңайлатуға бағытталған өзгерістер мен толықтырулар тұрақты негізде енгізіледі. Атап айтқанда, 2019 жылдың 21 қантар айында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне меншік құқығын қорғауды күшейту, төрелік, сот жүктемесін оңтайландыру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.

Бұл өзгерістерді Елбасының «Ұлт жоспары» және сот төрелігінің сапасын арттыру мен сот жүктемесін төмендету туралы тапсырмасы шеңберінде жүзеге асырылған сот реформаларының жалғасы деуге болады.

Аталған заң бойынша 42 заң актісіне, соның ішінде 11 кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Сот жүктемесін оңтайландыру мақсатында заңмен сот бұйрығы шығарылатын тоғыз даусыз талаптардың атқару жазбасын жасау үшін нотариусқа беруді көздейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Атқарушылық жазбаны жасау рәсімін енгізу нотариаттық актіге атқарушылық күш беру мүмкіндігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, бұл мәжбүрлеп орындату рәсімін едәуір жеңілдетеді.

Рәсімнің мәні - өндіріп алушы борышкер тиісті азаматтық-құқықтық қатынастардан туындайтын талаптар бойынша өз міндеттемелерін орындамаған жағдайда, өзінің талаптарын негіздейтін құжаттарды ұсына отырып, атқарушылық жазба жасау үшін нотариусқа жүгінуге құқығы бар.

Қазақстан Республикасы «Нотариат туралы» Заңының 92-1-бабының 2-тармағына сәйкес, орындау атқарушылық жазба немесе тиісті қаулы негізінде мынадай даусыз талаптар бойынша берешекті өндіріп алу жүргізілуі мүмкін:

  1. нотариат куәландырған мәмілеге негізделген міндеттемені орындау туралы;
  2. орындау мерзімі басталған және міндеттеменің орындалмауын борышкер мойындаған, оның ішінде дауды сотқа дейін реттеу тәртібімен өндіріп алушыға жіберілген наразылыққа жауапта мойындаған, жазбаша мәмілеге негізделген міндеттемені орындау туралы;
  3. нотариус жасаған, төлем жасалмауына, акцептінің болмауына және акцепт күнінің белгіленбеуіне вексель наразылығына негізделген міндеттемені орындау туралы;
  4. лизинг шартына немесе Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес лизинг нысанасын талап ету туралы;
  5. ломбард кепіл беруші-борышкерге қойған, кредитті қайтару мерзімі өткен соң кепіл нысанасына өндіріп алуды қолдану туралы;
  6. қосымша шығыстарды өндіріп алу туралы талаптарды қоспағанда, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңындабекітілген кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған міндетті шығыстарға қатысудан жалтаратын үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінен берешекті өндіріп алу туралы;
  7. төлеу мерзімі басталған, жария шарттар негізінде нақты тұтынылған көрсетілетін қызметтер (электрмен, газбен, жылумен, сумен жабдықтау және басқалары) үшін, сондай-ақ өзге де шарттар негізінде белгіленген тарифтерге сәйкес көрсетілетін қызметтер үшін берешекті өндіріп алу туралы;
  8. жалдау төлемдерін жалдау шартында белгіленген мерзімдерде төленбеуіне байланысты өндіріп алу туралы;
  9. жұмыскерге есепке жазылған, бірақ төленбеген жалақы мен өзге де төлемдерді өндіріп алу туралы.

Атқарушылық жазба бойынша одан әрі өндіріп алу Қазақстан Республикасының Атқарушылық іс жүргізу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүргізіледі, өйткені Қазақстан Республикасы «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңының 9-бабының 11-тармағына сәйкес, атқарушылық жазба сот орындаушысына орындауға ұсынылатын атқарушылық құжат болып табылады.

Осы рәсімнің елеулі артықшылығын атап өту маңызды, ол өндіріп алушыға борышкердің өз міндеттемелерін мәжбүрлеп орындату процесін жеңілдетеді. Өйткені, нотариус атқару жазбасын жасау рәсімін енгізу өндіріп алушыны борышкер мен өндіріп алушыны сот өндірісіне тартумен байланысты артық сөзбе-сөз сөйлеуден босатады, ол тиісті процессуалдық мерзімдерді сақтай отырып жүргізіледі, атап айтқанда: сот бұйрығын сотқа шығару туралы арыз беру, мемлекеттік баж төлеу, сот бұйрығы түрінде сот актісін шығаруды күту, осы сот актісінің заңды күшіне енуін күту және атқарушылық іс жүргізуді қозғау үшін сот орындаушысына орындауға жіберу.

Атқарушылық жазба негізінде тұрақсыздық айыптарын (өсімпұлдарды), пайыздарды өндіріп алу, егер бұлар тиесілі болса, жүргізілмейді.

Атқарушылық жазба, егер заңнамада өзге мерзімдер белгіленбесе, ол жасалған күннен бастап үш жыл ішінде мәжбүрлеп орындатуға ұсынылуы мүмкін.

Қазақстан Республикасы «Нотариат туралы» Заңының 92-6 бабының 1 тармақшасына сәйкес, атқарушылық жазба жасағаннан кейін немесе тиісті қаулы шығарғаннан кейін нотариус келесі жұмыс күнінен кешіктірмей борышкерге олардың көшірмесін табыс етеді немесе жеткізілгенін тіркеуді қамтамасыз ететін байланыс құралдарын пайдалана отырып, борышкердің электрондық пошта мекенжайы бойынша немесе белгілі тұрғылықты (тұрған) немесе тіркелген жері бойынша жібереді.

Егер атқарушылық жазбаның немесе тиісті қаулының көшірмесі борышкерге:

  1. тараптар арасында жасалған шартта көрсетілген электрондық пошта мекен-жайына;
  2. соңғы белгілі тұрғылықты жері бойынша табыс етілгені туралы хабарламасы бар тапсырысты хатпен жіберілген болса, оның ішінде кәмелетке толған отбасы мүшелерінің бірі, көрсетілген мекенжай бойынша адаммен тұрып жатқан басқа адам алған болса;
  3. жеткізілгенін тіркеуді қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдары пайдаланыла отырып жіберілген болса, ол алынды деп есептеледі.

Хабарламаны қабылдаудан бас тартуға байланысты адресатқа, алушыға оны табыс ету мүмкін болмағаны туралы белгісімен хабарлама қайтарылған жағдайда, атқарушылық жазбаның немесе тиісті қаулының көшірмесі тиісті түрде жіберілді деп есептеледі.

Осы баптың 2 тармақшасына сәйкес, борышкер атқарушылық жазбаның немесе тиісті қаулының көшірмесін алған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде атқарушылық жазбаны жасаған немесе тиісті қаулыны шығарған нотариусқа хабарламасы бар мәлімделген талапқа қарсы қарсылығын жазбаша түрде жіберуге құқылы. Борышкердің қарсылығында мәлімделген талаппен келіспеу себептері қамтылуға тиіс.

Егер қарсылық келіп түссе, нотариус Қазақстан Республикасы «Нотариат туралы» Заңының 92-8 бабының 1 тармақшасына сәйкес, үш жұмыс күнінен кешіктірмей атқарушылық жазбаның күшін жою туралы қаулы шығарады. Бұл ретте, өндіріп алушы да, борышкер де Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 45-тарауының тәртібінде атқарушылық жазбаға дау айту үшін сотқа жүгіну құқығынан айырылмайды.

Жалпы алғанда, нотариустың атқарушылық жазбасы - нотариалдық әрекеттің жаңа түрі ретінде азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған оңтайлы тәртіп.

Нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер мен толықтырулар өз кезегінде сот жүктемелерін азайтып, басы артық дәлелдемені қажетсінбейтін даусыз талаптарды нотариустер арқылы тез шешуге қолайлы және азаматтар мен заңды тұлғалардың нотариустардың әлеуетін пайдалануы азаматтық айналымға қатысушылардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру мерзімін едәуір қысқартады.

 

Ақтөбе облысы

Мұғалжар ауданының №2

аудандық сотының төрағасы

Аслан Абилгазиевич Муканов

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

5 пікір

  1. аватар
    Edythe 1 декабря 2023 12:32

    I am curious to find out what blog system you're utilizing?

    I'm having some small security problems with my latest
    blog and I would like to find something more safe. Do you have any solutions?


    Also visit my webpage ... Antoinette

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив