Абай Мырзахметов университетінде  жаңа «HR-manager» мамандығы пайда болды

Абай Мырзахметов университетінде жаңа «HR-manager» мамандығы пайда болды

 

Уақыт талабы – жаңа кәсіби стандарттарды белсенді қолдану. Мұндай жаңалықтарға «HR-менеджер» мамандығы немесе «адамзат ресурстарын басқару маманы» жатады. Бұндай маман бірнеше маманның міндеттерін қоса атқарады. Бұл жай кадрларды тиімді іріктеу ғана емес, сонымен қатар еңбек өнімділігін үнемі арттыра отырып басқара білу. Кадрларды іріктеудің тиімді жүйесін ұйымдастыру, білікті мамандарды мемлекеттік қызметке тарту, адамзат ресурстарын ұтымды басқару – ол мемлекеттік аппараттың тиімділігіне ықпал ететін  факторлар.

Осыған орай, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетімен бірлесіп HR – менеджмент бойынша білім беру бағдарламасының оқыту жоспары әзірледі.

«Оқыту бағдарламасына кез-келген жаңа мамандықты енгізу оқытуды ұйымдастыруға қажетті базаны құру бойынша ауқымды дайындық жұмыстарын талап етеді. Білім беру бағдарламасы білім беру саласындағы сәйкестендірілген ұйымдармен мақұлданды. Осыған орай университет талапкерлерді осы жазда қабылдауға дайын.

Жаңа мамандықтың мемлекеттік басқару жүйесінде де, жеке және квазимемлекеттік сектор ұйымдарында да HR-менеджментті кәсіби тұрғыда дамытуға мықты серпіліс беретініне сеніміміз зор» - деп Департамент басшысы Берген Беспалинов атап өтті.

Жаңа мамандықтың ерекшеліктері туралы университет ректоры Мәди Елубаев баян етті. Оның айтуынша, білім беру бағдарламасының мақсаты басқару, жоспарлау, еңбек қызметін үйлестіру және адами ресурстарды дамыту саласында бәсекеге қабілетті кадрларды даярлау болып табылады.

«Аталған білім беру бағдарламасының бірегейлігі мен оның ерекшелігі бәсекеге қабілетті кадрларды дайындаудағы жаңа тәсілге, дәрістік және тәжірибелік сабақтардың толық курсын оқыту үшін жетекші мамандардың тартылуына, күшейтілген тіл дайындығына, мамандандырылған пәндерді оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдануға, тәжірибеге бағытталған пәндердің көп мөлшеріне, тәжірибелік сағаттар мөлшерінің артуына, басқару, психология, құқық, талдау, есептеу, іс жүргізу сияқты бірнеше салалар бойынша дайынлауға негізделеді» - деп М.Елубаев өз сөзінде мәлімдеді.

Спикердің айтуынша, алдағы оқу жылында осы мамандық бойынша оқуға ниет білдірушілер үшін университеттің есігі ашық.

 

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив