Атыраулық диқандар жем мен көкөніс дақылдарын егуді көбейтті

Атыраулық диқандар жем мен көкөніс дақылдарын егуді көбейтті

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі 14 сәуірден бастап, ел аймақтарының барлығындағы көктемгі дала жұмыстарының барысы жайында ақпарат таратып келді. Ендігі кезекте Атырау облысы. Қазіргі таңда, облысыта егіс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Бұл аймақта егін алқабы айтарлықтай үлкен болмағандықтан, диқандар аз уақыт ішінде жерді  өңдеп, жартысына жуығына егін салып үлгерді.

Биыл Атырау облысының егіс алқабы 9222 га құрайды. Оның көп бөлігіне, яғни, 3332 гектарына жемшөп дақылдары егіледі. Көкөністер 2,6 мың гектарға, картоп 2 мың гектарға, қауын 1,2 мың гектарға салынады.

Қазіргі уақытта облыста егіс алқабының жартысы игерілген, оның ішінде жемшөп дақылдары - 1878 га, көкөністер - 1 271 га, қауын - 600 га, картоп - 705 га.

Егіс жұмыстарына 305 ауылшаруашылық кәсіпорындарының 1,5 мың қызметкері қатысады. Сондай-ақ, 783 бірлік ауыл шаруашылығы техникалары жұмылдырылды.

Айта кетейік, Атырау облысының ауылшаруашылық тауар өндірушілері биылғы жылы арзандатылған дизель отынын бөлуге өтініш берген жоқ.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив