Қазақстандық ғалымдар COVID-19 вирусына қарсы  инактивтендірілген вакцинаны клиникаға дейінгі сынақтан өткізуді бастады

Қазақстандық ғалымдар COVID-19 вирусына қарсы инактивтендірілген вакцинаны клиникаға дейінгі сынақтан өткізуді бастады

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қазақстандық ғалымдардың әзірлемесін тіркеуге алды және клиникаға дейінгі сынақтан өткізуге рұқсат берілген кандидаттық вакциналардың тізіміне қосып, өз сайтында  жариялады.

Короновирусқа қарсы инактивтендірілген вакцинаны ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлері әзірледі. Вакцина Қазақстан аумағында ауырған адамдардан бөлінген вирус штаммының негізінде жасалды.

Осы орайда Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлерін құттықтады.

«Бұл қазақстандық ғылымның мемлекетіміздің биологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қосқан елеулі үлесі, сондай-ақ елдің мықты ғылыми әлеуетінің дәлелі. Институт ұжымы қауіпті және аса қауіпті ауруларға қарсы вакциналардың жаңа түрлерін әзірлеуде өз маңыздылығын тағы бір мәрте дәлелдеді», – делінген жеделхатта.

Ендігі кезекте институт ғалымдары клиникаға дейінгі сынақтарды жүргізуі керек. Осылайша, Қазақстан ресми түрде COVID-19 вирусына қарсы инактивтендірілген вакцинаны әзірлеуші елдер қатарына енді.

           Айта кетейік, Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты қауіпті және аса қауіпті ауруларға қарсы вакциналардың 67 түрін, 15 тест-жүйе мен 30-дан астам биопрепараттарды әзірлеп, өндіріске енгізгенін естеріңізге сала кетейік. Олардың арасында құстардың жоғары патогенді тұмауы мен жоғары патогенді шошқа тұмауына, нодулярлық дерматитке қарсы вакциналар, сондай-ақ бруцеллезге қарсы жаңа векторлық вакцина да бар.

 

ҚР БҒМ баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив