ТЖ РЕЖИМІНЕН КЕЙІН БАЛАБАҚШАЛАР ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ

ТЖ РЕЖИМІНЕН КЕЙІН БАЛАБАҚШАЛАР ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ

         COVID-19 дертінің өсу деңгейі жеті күн ішінде 7%-дан аспаған жағдайда мектепке дейінгі ұйымдар санитарлық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып жұмысын бастайды.

ҚР Білім және ғылым минитрлігі жұмыс алгоритмін әзірлеп, аймақтық білім басқармаларына жіберді. Мектепке дейінгі ұйымдар жұмысын бастау туралы шешімді жергілікті білім басқармалары және білім бөлімдері өздері қабылдайды.

         Балалар мен қызметкерлерге қауіпсіз жағдайды жасауға, олардың өмірі мен денсаулығын сақтауға басшысы жауапты.

Балабақшаларға бірінші кезекте ата-аналары жұмысқа баратын және үйде жалғыз қала алмайтын балалар қабылданады. Содан кейін ата-аналардың қалауы бойынша келетін балаларды қабылдайды.

Ата-ана баласын балабақшаға әкелгісі келсе, тәрбиешілерге айтуы керек. Тәрбиеші басшысына балабақшаға келгісі келетін бүлдіршіндердің санын хабарлайды. Басшылық күн сайын бірдей жастағы немесе әртүрлі жастағы балалардың топтарын құрайды. Әр топта бала саны 15-тен аспауы керек.

Бала санына байланысты жұмысқа шығатын қызметкерлер тізімі жасалып, күн сайын түзетіліп отырады.

Әкімшілік ата-аналарға баланың балабақшаға келу мәселесі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуі керек (жұмыс режимі, жас топтары, денсаулық жағдайы, тиісті киім, күн тәртібін сақтау және т.б.). 

Бүлдіршіндерді тәрбиеші мен медицина қызметкері қабылдайды, балалардың терісін қарап, температурасын өлшейді. Балабақшада 3 күннен артық болмаған жағдайда, учаскелік педиатрдан денсаулық жағдайы туралы анықтама ұсынылуы тиіс.

Сондай-ақ, күн сайын таңертең медицина қызметкері балабақшаның барлық қызметкерін тексеріп отырады. Медицина қызметкері күніне екі рет топтарды аралап, балалардың жағдайын бақылап отырады.

Ұсынылатын жұмыс уақыты - сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.

 

ҚР БҒМ баспасөз қызметі

 

               

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

8 пікір

  1. аватар
    Issac 6 февраля 2024 13:16

    An intriguing discussion is definitely worth comment.
    I think that you should write more on this topic, it might not be a taboo matter but typically folks don't discuss such subjects.
    To the next! Many thanks!!

    Check out my webpage; Italia

  2. аватар
    Shoshana Сегодня, 03:16

    What's Going down i am new to this, I stumbled upon this I've discovered It positively useful and it has
    helped me out loads. I'm hoping to give a contribution & assist different customers like its aided me.
    Good job.

    Here is my site: Mittie

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив