Сатыбалды Дәулеталин Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы болып сайланды

Сатыбалды Дәулеталин Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы болып сайланды

 

Бүгін ҚР Кәсіподақтар федерациясының Бас кеңесінің отырысы өтті. Отырыс барысында Кәсіподақтар федерациясының жаңа төрағасы сайланды.

Мүше кәсіподақ ұйымдары мен кәсіподақтар қозғалысы ардагерлерінен түскен өтінімдер негізінде ҚРКФ төрағасы лауазымына бір кандидат – бүгінгі күнге дейін ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарып келген Сатыбалды Дәулеталин ұсынылды.

Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты тұңғыш рет Бас кеңестің күн тәртібін қарастыру дистанционды режимде өтті. 

Дауыс беру нәтижесінде Сатыбалды Дәулеталиннің кандидатурасы Бас кеңес мүшелерінің көпшілігінің даусымен (57 - қолдаймын, 3 - қалыс қаламын, 0 - қарсымын) қолдау тапты.

Тәуелсіз Қазақстан кәсіподақтарының 28 жылдық тарихында тұңғыш рет ҚРКФ кәсіподақ ортасынан шыққан өкіл басшылық етеді.

Жаңа сайланған ҚРКФ төрағасының Кәсіподақтар федерациясындағы еңбек өтілі 2015 жылдан бастау алады. 5 жыл ішінде Сатыбалды Дәулеталин кәсіподақтар қозғалысының дамуына елеулі еңбек сіңірді, еліміздің кәсіподақтар қозғалысының көшбасшылары арасында үлкен сенім мен зор құрметке ие болды.

Алдында күн тәртібіне сәйкес Бас кеңес мүшелері Ералы Лұқпанұлы Тоғжановты басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы лауазымынан босату туралы шешім қабылдаған болатын.

Сондай-ақ, отырыс барысында ҚРКФ Бас кеңесінің мүшесі Т.Б.Қабдоловтың өкілеттігін тоқтату туралы және ҚРКФ Бас кеңесінің мүшелері - «Қазақстандық мұнай-газ салалық кәсіподағы» ҚБ төрайымы Е.Е.Мустафинаның, «Қазкөміркәсіподақ» көмір өндірушілер салалық кәсіптік одағы» ҚБ төрағасы М.В.Миргаязовтың өкілеттігін растау туралы мәселелер қарастырылды.

 

 АНЫҚТАМА ҮШІН:  Дәулеталин Сатыбалды Телағысұлы

  

Соңғы лауазымы: Кәсіподақтар федерациясы төрағасының бірінші орынбасары (2020 ж. 11 ақпандағы № 11-п бұйрыққа сәйкес Кәсіподақтар федерациясы төрағасының міндетін атқарушы).

 

 

Туған жылы: 07.05.1962

 

Туған жері: РКФСР; Оренбург облысы; Ақбұлақ ауданы; Ақ-Оба а.

 

Отбасылық жағдайы:

·      Жары: Дәулеталина Әсия Шәріпқызы

·      Балалары: ұл және қыз

 

Тіл білімі:

·      қазақ, орыс, ағылшын

 

Білімі, мамандығы:

·      Қазақ Политехникалық Институты (1984)

Инженер-механик

·      Дипломатиялық академия (2004)

·       Дж.Маршалл атындағы Еуропалық қауіпсіздік мәселелерін зерттеу орталығында білім алды (2004)

Еңбек жолы:

·      Ақтөбе қаласы Ақтөбе ферроқорытпа зауытының токарь шәкірті (1978);

·      Шымкент қаласы ұста-баспақ қондырғысын өндіретін өндірістік бірлестіктің бас конструкторы бөлімінің инженер-конструкторы, өндірістік оқыту шебері (09.1984-11.1986);

·     Әртүрлі жылдары Парламентте, Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттікте жұмыс істей жүріп, мемлекеттің заңнамалық базасының қалыптасуына, сондай-ақ ҚР мемлекеттік қызметтің құрылуы және реформалануына тікелей қатысты.

·     Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Ұйымдастыру, кадр жұмысы және активтері департаментінің директоры орынбасары  (01.07.2015-11.2015);

·      Кәсіподақтар федерациясы жүйесінің ұйымдарының жұмысшыларының «Ыңтымақ» жергілікті кәсіподағының төрағасы (11.2015-22.02.2016);

·      Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Әлеуметтік-экономикалық қорғау және еңбек инспекциясы департаментінің директоры (22.02.2016-10.2019);

·      ҚР Кәсіподақтар федерациясы Төрағасының бірінші орынбасары (10.2019-06.05.2020)

.     ҚР Кәсіподақтар федерациясы Төрағасы (06.05.2020 ж. бастап)

 

Мемлекеттік және халықаралық марапаттары:

       Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасы;

 «Ерен еңбегі үшін» медалі;

 «Құрмет» ордені.

 

 ҚР Кәсіподақтар федерациясының баспасөз қызметі

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив