3 мыңнан астам жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар да қашықтан оқып жатыр

3 мыңнан астам жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар да қашықтан оқып жатыр

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған 78 ұйымда 3 мыңнан астам тәрбиеленуші қашықтан білім беру технологияларын пайдаланып оқып жатыр.

Мектеп мұғалімдері мен жетім балаларға арналған ұйымдар тәрбиешілерінің тығыз тандемі, тиімді шешімдерді таңдау, балалар мен ересектерді компьютерлермен, планшеттермен және басқа да гаджеттермен уақытылы қамтамасыз ету, балалар мен ересектерді алдын-ала дайындау қашықтан оқуды ауыртпалықсыз бастауға көмектесті.

«EL ARNA» және «Balapan» телеарналарында ұйымдастырылған бейне-сабақтарды, сондай-ақ Daryn.online, Kundelik.kz және Opiq.kz білім беру интернет-платформаларын пайдалануды балалар үлкен қызығушылықпен және ықыласпен қабылдады.

          Балалардың денсаулығын сақтау үшін еріктілер топтарына, меценаттарға және басқа да бөгде адамдардың кіруіне тыйым салынған, үй-жайларда қолды өңдеуге арналған антисептикалық құралдар орнатылған, тұрақты негізде үй-жайларды желдету жүргізіледі, тәрбиеленушілердің жеке гигиенасын сақтауға бақылау күшейтілді, күн сайын медицина қызметкерлері балалардың температурасын өлшейді.

Сонымен қатар  қызмет көрсетуші персоналдың балалармен байланысын барынша азайту үшін қызметкерлердің жұмыс кестесі өзгертілді, барлық келген қызметкерлерді медициналық тексеру және оларды жеткізу қамтамасыз етіледі.

 

ҚР БҒМ Балалардың құқығын қорғау комитеті

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив