Ерен еңбегімен  Ұрпаққа үлгі болған ауыл әйелдері

Ерен еңбегімен Ұрпаққа үлгі болған ауыл әйелдері

      100 «Асқар шыңдарға ту тіккен ауыл әйелдері» кітабында әр ауыл әйелдерінің ауылды кешенді дамытуға қосқан үлесі мен жетістіктері, табысқа жетуі, әр әйелдің өз отбасында ғана емес, бүкіл мемлекеттің игілігіне әсер ететін жағдайды өзгерте алатыны туралы айтылған. «Жасыл экономика және G-Global-ды дамыту Коалициясы» ЗТБ басқарма төрағасы – Салтанат Рахимбекова Темірқұлқызы осы кітаптың жарыққа шыққанын қолдап, өз үлесін қосқан. Сондай-ақ жастар мен азаматтық сектор өкілдері, «Coca-Cola белестері» әлеуметтік жобасының жеңімпаздарының таңғажайып тарихы  да баяндалған. Сырттай қарағанда нәзік болып көрінген әйелдерден мықты, дарынды,  ержүрек  батыр мен ұлылар да шыққан еді. Бүгінде елімізде осындай әйелдер аз емес. Әртүрлі іскерлік салада жетістікке жеткен  осындай әйелдердің қатары көп екендігіне тағы да көзім жетіп отыр. Ауылдарда тұратын жүздеген қарапайым әйел өмірден өз орнын тауып, бақытты өмір сүруге лайықты. Ынтымақтастығымызды одан әрі арттырып, әрбір адамның шығармашылық рухын оятуға мүмкіндік бере отырып, еліміздегі іскер әйелдердің қатарын көбейту, өзгерістерге шабыттандыру және ынталандыру болып отыр. Іскерлік ортада белсенділігін арттыру мақсатында әйелдерді бір одаққа біріктіру, олардың нарықтағы бәсекеге қабілеттерін арттыру, «іскерлік әрі әлеуметтік белсенді әйел» мәртебесін жоғарылату екендігін айтты. Айта кетсек, бұл кітапта экономика мен әлеуметтік салада еңбек етіп жүрген көптеген жандарды жігерлендіретін және оларға үлгі-өнеге болатын ауыл әйелдерінің озық тәжірбиелерін көрсету. Көптеген ауыл әйелдерінінің осындай жетістіктерге жеткенін қалап отырмын. Әр ауыл әйелдері - біздің ақ жаулықты аналарымыз, келешек үрпаққа, еңбекке сүйіспеншілігін көрсете отырып, еліміздің көркейіп, елеулі үлесін қосқаны туралы осы кітапта айтыла кетті. Жылдан жылға тағы да 100 «Асқар шыңдарға ту тіккен ауыл әйелдері»  деген кітапқа атақты іскер ауыл әйелдерінің жетістіктерін  жарыққа шығарып отырамыз. Қазіргі таңда іскер әйелдердің көбеюіне үлесімізді қосып, көптеген іс шараларды ұйымдастырып жатырмыз. Осы атқарылып жатқан жұмыстарымыздың үлесі, ауыл аймақтарында жұмыссыздықты жою, отбасылық бизнесті дамыту көзделіп отыр. Айтқым келетіні, әр әйел  өз отбасының отанасы болып, бала тәрбиелеп, өздерінің тұрғылықты жерлерінің өркендеуіне үлесін қосса деймін -  Салтанат Рахимбекова Темірқұлқызының сұхбатынан.  Біз ұлтымыздың асыл діңгегі – ауылды гүлдендіруге, ауыл шаруашылығын дамытып, ауыл өмірін жандандырып, халқының әл-ауқатын көтеруге немқұрайлы қарамайтын барлық азаматтарды әріптестікке шақырамыз!

    Ақтөбе облысының тумасы, Асқар шыңдарға ту тіккен ауыл әйелдерінің бірі - Сағыналиева Саяның баяндамасынан алынған сөзі:  «Жақсы жұмыс –жанға тыныс», дегенді бекер айтпаса керек. Ауылда туып, ауылда өскен,өз еліне жанашыр жас ретінде, алынды жастарды туған жерлерінің дамуына, өркендеуіне теңізге тамған тамшыдай болса да үлес қосуға шақырамын. Ауылдың тәтті тірлігінен бас тартып, қалаға кетудің қажеті жоқ. Өйткені, асқақ армандарды ауылда жүріп ақ жүзеге асыруға болады. Ауыл өміріне белсене араласып, қай салада болмасын үлкен жетістіктерге жетуіміздің арқасында, мемлекетіміздің айбыны артып, еліміздің аты әлемге әйгілі болары сөзсіз.  Абай айтқан, бес асыл қасиеттерді бойымызға дарытып, әрдайым тереңнен ойланып, өзімізге талап қойып, тайсалмай еңбек етіп, алған несібемізге қанағат қылып, айналамыздағыларға рақымды болсақ, біз алмайтын асу болмайды деп айтып кетті. Елге, жерге деген махаббаты бөлек, қамқорлығы мол қазақ деген ұлттың қайсар екенін тағы бір дәлелдейік.

Қосымша ақпараттарды greenkaz.org сайтынан ала аласыз. 

Еңбек деген байлық бар ерінбеген жететін – осы еңбектің арқасында жүз ауыл әйелдеріміз 100 «Асқар шыңдарға ту тіккен ауыл әйелдері» кітабында өз жетістіктерін көрсетіп, жүмыстарын адал жолмен жүргізіп, келешекте білікті, білімді, өнерлі, ұлт қамын ойлайтын балаларды тәрбиелеп, саналы ұрпақ өсіру мақсаты болып отыр.    

 

Мадина Жатканбаева

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 3

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив