Елбасының Үшінші әлеуметтік бастамасын іске асыру  барысы туралы: студенттік жатақханалар салу

Елбасының Үшінші әлеуметтік бастамасын іске асыру барысы туралы: студенттік жатақханалар салу

 

2020 жылы Студент жастардың өмір сүру жағдайын жақсарту бойынша Елбасының әлеуметтік бастамасын іске асырудың екінші кезеңі басталды. 

Елбасының Бес әлеуметтік бастамасы жарияланған сәттен бастап (2018 жылғы наурыз) студенттерді жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге арналған мақсатты мемлекеттік тапсырысты орналастыру тетігін іске асыруға бағытталған шаралар кешені қабылданды. Нысаналы мемлекеттік тапсырысты орналастыру тәртібін регламенттейтін заңға тәуелді актілерді (Қағидалар, Әдістеме) қамтитын қажетті нормативтік база қалыптастырылды.

Мақсатты мемлекеттік тапсырыс бойынша төлем көлемі 152 млрд.теңге мөлшерінде анықталды. Осы қаражат тетікке қатысушылардың шығындарын 2030 жылдың соңына дейін кезең-кезеңмен өтеуді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Бұл ретте жоспарланған қаражат секвестрлеуге жатпайтыны атап кету қажет.

Тетікті іске асыру процесінде әлеуетті инвесторларды МЖӘ жобалары арқылы немесе әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялармен консорциум құру жолымен жеңілдікті жағдайларда жер учаскелерін бөлу нысанында мемлекеттік қолдаудың қосымша шаралары іске асырылды. 2019 жылдан бастап жатақханаларды салу және реконструкциялау "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасына енгізілді, бұл әлеуетті инвесторларға банктік қарыздар бойынша пайыздық мөлшерлемені арзандату үшін субсидияларды пайдалануға мүмкіндік берді. 2019 жылдың шілдесінде субсидиялау мөлшерлемесінің көлемі 9%-ға дейін артты.

Жатақханаларда жаңа орындарды кезең-кезеңмен енгізу кестесіне сәйкес бастаманы іске асырудың алғашқы екі жылының қорытындысы бойынша (2018-2019 жылдар)
9 166 орындық 34 нысан іске қосылды. Нәтижесінде жатақханалардағы орын тапшылығы 6%-ға қысқарып, 85 мың төсек-орынды құрады.

Жаңа орындарды енгізу жергілікті бюджет қаражатына және демеушілер қаражаты есебінен, сондай-ақ жатақханалар құрылысын мақсатты қаржыландыруға балама болып табылатын мақсатты мемлекеттік тапсырысты орналастыру тетігі шеңберінде жүзеге асырылды.

Жатақханаларда жаңа орындарды енгізу кезінде оқу орындары мен кәсіпкерлер қолданыстағы ғимараттарды (қонақ үйлер, көп пәтерлі үйлер, әкімшілік ғимараттар) студенттік жатақханаларға қайта жаңарту әдісін белсенді пайдаланады. 2019 жылы жатақханалардағы жаңа орындардың 57% осы әдіспен енгізілген.

2019 жылы жатақханалардағы қайта жаңартудың артықшылығы объектіні қысқа мерзімде іске қосу, құрылыспен салыстырғанда шығындардың төмен деңгейі және проблемалық объектілерді игеру болып табылады. Сонымен қатар, реконструкцияланатын объектілерге пайдалану мерзіміне, құрылыс материалдарына және объектінің орналасуына байланысты нақты талаптар қойылады, сондай-ақ нысаналы мемлекеттік тапсырыстың белгіленген мөлшері қолданылады (47 АЕК).        

Ағымдағы жылдан бастап механизмнің инвестициялық тартымдылығын арттыруға жыл сайынғы АЕК төлемдерін индекстеу және Алматы қаласы үшін ұлғайтылған норматив (122 АЕК орнына 144 АЕК) түріндегі жаңа опциялар ықпал етті. Бұл жаңашылдықтар мақсатты мемлекеттік тапсырыс бойынша төлем көлемінің 20%-ға өсуін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Тұтастай алғанда, механизмнің артықшылықтары мемлекеттік бюджетке түсетін жүктемені төмендетуден, сондай-ақ шағын және орта бизнес субъектілерінің уақытша тұрғын үй нарығына белсенді кіру үшін тиімді жағдайлар жасаудан тұрады.

Бастаманы іске асыру "Nur Otan" партиясының ерекше бақылауында. Ағымдағы жылдың 3 ақпанында партиялық бақылау комитетінің отырысы өтті, оның барысында жобаларды іске асыру барысындағы аралық нәтижелер мен проблемалық мәселелер талқыланды.     

Отырыс қорытындысы бойынша студенттік жатақханаларда жаңа орындарды енгізу қарқынын күшейту бойынша ұсыныстар жасалды. Бұдан бөлек, жоғары оқу орындарындарында орынның жетіспеушілігін ескере отырып, жатақханалар салу мәселелерінде ректорлардың дербес жауапкершілігін күшейту жөнінде шаралар қабылдау ұсынылды.

2020 жылға 15 мың төсек-орын енгізу міндеті белгіленді. Ағымдағы жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша 7 657 төсек-орынға 26 объектіні іске қосу механизм шеңберінде жасалған шарттарда көзделеді. Бұдан басқа, келісім-шарт шеңберінде 2020 жылы 11 нысан бойынша 4 075 төсек-орынға құрылыс-монтаж жұмыстары басталады (2021 жылы іске қосу).

Сондай-ақ, бастаманы іске асыру шеңберінде 3 258 төсек-орынды 20 нысанды іске қосу жергілікті бюджет және демеушілік қаражат есебінен жүзеге асыру жоспарлануда. Осылайша, 2020 жылы 10 915 төсек-орынға арналған 46 нысанның іске қосылуы күтілуде.

Айта кету керек, 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап ҚР "Білім туралы" Заңының жаңа талабы күшіне енеді. Оған сәйкес, оқу нысанына қарамастан студенттер жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етілуі тиіс.

  

ҚР БҒМ баспасөз қызметі.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив