ҚР АШМ: Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері жеткілікті

ҚР АШМ: Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері жеткілікті

ҚР Үкіметі отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров Премьер-министр Асқар Маминге әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері өндірісі және ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді қолдау шаралары туралы баяндады.

С.Омаровтың айтуынша, азық-түлік тауарларының барлық негізгі түрлерінен Қазақстан өзін 80 пайызға қамтамасыз етеді, ал кейбірінің түрлерінен тіпті артықшылық бар. Тек алты тауардың түрлерінен: алма, балық, шұжық өнімдері, ірімшік, сүзбе, қант және құс еті бойынша импорт тәуелділігі сақталуда.

«Министрлік импортты алмастыру жұмыстарын жандандыруда. Сіздің тапсырмаңызға сәйкес ұзақ мерзімді салалық бағдарламалар қабылданды және бүгінгі күні оң өзгерістер бар. Мысалы, алманың өнімділігі соңғы үш жылда гектарынан 70-тен 74 центнерге өсті. Олардың өндіріс көлемі 18%-ға, яғни 222,5 мың тоннаға дейін артты», - деді Сапархан Омаров.

Сондай-ақ, ҚР АШМ басшысының айтуынша, қант өндірісі 345-тен 505 мың тоннаға дейін өскен. Үш жылда құс еті 2016 жылдан 2018 жылға дейін 26 пайызға артты. Тиісінше, импорт үлесі 53%-дан 49%-ға төмендеді. 2019 жылы құс етін өндіретін екі ірі өңдеу кәсіпорны іске қосылғаннан кейін 223 мың тоннаға дейін артты. Сондай-ақ, өткен жылы ірімшік пен сүзбе өндірісі 7,5%-ға, 29,5 мың тоннаға өсті.

«2020 жылы жылдық қуаты 105 мың тонна сүт өндіретін 25 тауарлық сүт фермасы, 3 ет комбинаты, қуатылығы 73 мың тонналық 8 құс фабрикасы салынатын болады, 2 мың гектарға бақ отырғызу жоспарлануда, Жамбыл және Павлодар облыстарында жылына жалпы өндіріс қуаты 200 мың тонна қант өндіретін 2 қант зауыты құрылысын салу басталды. Сонымен қатар, қолданыстағы үш қант зауытын жаңғырту жоспарлануда», - деді министр.

 

АШМ Баспасөз қызметі

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

1 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив