ҚазақстанғаАИТВіндетінбақылаубойыншабірегейақпараттықжүйеберілді

ҚазақстанғаАИТВіндетінбақылаубойыншабірегейақпараттықжүйеберілді

 

2020 жылдың 30 қаңтарында Нұр-сұлтан қаласында Орталық Азиядағы АИТВ бойынша USAID «Флагман» жобасы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығына халықтың негізгі топтары арасында АИТВ-инфекциясының індетін бақылау бойынша үкіметтік емес қоғамдық ұйымдарға арналған ақпараттық жүйені тапсырды.

Ақпараттық жүйенің арқасында ҮЕҰ-дан тең навигаторлар АИТВ-ға жүргізілетін экспресс-тестілеу мен өзін-өзі тестілеу, негізгі топтарда (инъекциялық есірткілерді пайдаланатын адамдар, еркектермен жыныстық қатынасқа түсетін еркектер, секс жұмысшылары) туберкулезге және жыныстық жолмен берілетін инфекцияларға консультация беру мен скрининг жүргізу, сондай-ақ вирустық жүктеме, емдеуге бейілділік, әр түрлі себептермен диспансерлік есепте тұрмайтын АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды іздестіру есебін жүргізе алады.

-Диагностикадан емдеуге дейінгі қызметтердің толық каскадын қамтамасыз ету бойынша үкіметтік емес ұйымдардың күш-жігері медициналық ұйымдарға айтарлықтай қолдау көрсетеді және негізгі топтар арасында АИТВ инфекциясының жаңа жағдайларының санын қысқартады. Атап айтқанда, оларда індет негізінен дамып келеді, - деп атап өтті ҚР ДСМ Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығыныңдиректоры Бауыржан Байсеркин.

«Флагман» жобасын іске асырудың төрт жылы ішінде еліміздің екі облысында – Шығыс Қазақстан және Павлодар облысында-10 мыңға жуық адам өзінің АИТВ - ахуалын білді, 500-ге жуық науқас диспансерлік есепке тұрды, бес мыңнан астам адамға әлеуметтік сүйемелдеу қызметі қолжетімді болды. Жұмыссапасынарттыруүшінтеңнавигаторларпланшеттерменжәнеқажеттітест-жүйелерменқамтамасызетілген.

Ақпараттық жүйені әзірлеу үшін деректерді жинау және талдау, мемлекеттік қызметтерді цифрландыру, киберқауіпсіздік саласындағы жаңа тәсілдер пайдаланылды, бұл денсаулық сақтаудағы заманауи технологиялардың рөлін арттыруға мүмкіндік береді.

Енді басқа жобалар мен әлеуметтік мемлекеттік тапсырыс шеңберінде ҮЕҰ командалары пайдаланатын мониторинг және бағалау жөніндегі ақпараттық жүйе мен құралдар елдегі АИТВ індетіне қарсы күреске азаматтық қоғам ұйымдарының үлесін арттыруға және ЮНЭЙДС 90-90-90 мақсаттарына табысты қол жеткізуге көмектеседі.

Орталық Азиядағы АИТВ бойынша USAID «Флагман» жобасы Қазақстанның екі өңірінде үкіметтік емес ұйымдардың күшімен АИТВ бойынша қызмет көрсетуді қолдайтын ҚДИАҒО-ның негізгі серіктестерінің бірі болып табылады.

ҚДИАҒО баспасөз қызметі  Байланысушы: Марина Максимова marina_maximova@rambler.ru+7 777 225 46 01 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив