Тоғжанов: «Дару» медициналық орталығының оңалту тәжірибесі Қазақстанда айрықша»

Тоғжанов: «Дару» медициналық орталығының оңалту тәжірибесі Қазақстанда айрықша»

 Ералы Тоғжанов Ақтөбе қаласындағы «Дару Клиникасы» медициналық оңалту орталығы» ЖШС жұмысымен танысты.

Кездесуде денсаулық сақтау қызметкерлерінің әлеуметтік-еңбек құқықтарын қорғау мәселелері талқыланды.

Ералы Тоғжанов медицина қызметкерлерінің халықтың денсаулығын қорғаудағы және тиімді медициналық көмек көрсетудегі маңызды рөлін атап өтті.

Клиника облыс тұрғындарына амбулаториялық және стационарлық білікті мамандандырылған медициналық көмек көрсетеді.

  Медициналық реабилитация, аллергология, ортопедия, травматология, физиотерапия және басқа да бағыттар бойынша стационарлық білікті мамандандырылған көмек көрсетеді. Мекемеде 514 адам жұмыс істейді. Олар Германия, Швейцария, Израиль, Чехия, Словения, Түркия және Кореяның жетекші клиникаларында тәжірибе жинақтаған. Әрі Франция, Германия, Швейцария, Жапония және АҚШ-тың әлемге әйгілі брендерінің құрал-жабдықтарымен жарақталған.

ҚРКФ басшысы «Дару» орталығының ерекше оңалту тәжірибесін атап өтіп, өндіріспен байланысты кәсіби ауруларды азайту үшін қолдану қажеттігін жеткізді.

«300 мыңнан аса адам зиянды да қауіпті еңбек жағдайында жұмыс істейді. Біз бұл мәселені Үкімет отырысында көтеріп, нәтижесінде осы мәселе бойынша талдау жүргізу және ұсыныстар әзірлеу үшін ведомствоаралық жұмыс тобы құру туралы шешім қабылданды», - деді ҚРКФ төрағасы.

Осы ретте ол әлеуметке бейімделген жобалар мен халыққа арналған жоғары технологиялық медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыруда жәрдемдесуге дайын екенін айтты.

Клиникада 514 адам жұмыс жасауда, барлығы кәсіподақ мүшесі болып табылады. «Дару Клиникасының» еңбек ұжымы - «Senim» Денсаулық сақтау жүйесі  қызметкерлерінің қазақстандық салалық кәсіподағының» Ақтөбе облыстық филиалының мүшесі.

 

ҚР Кәсіподақтар федерациясының баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив