«ҚР колледждерінің ТОП 100 студенті» жобасы  бойынша пресс-релиз

«ҚР колледждерінің ТОП 100 студенті» жобасы бойынша пресс-релиз

 

«ҚР колледждерінің ТОП 100 студенті» жобасы «Zhastar KZ» жобасы шеңберінде жүзеге асырылуда. Жобаның құрылтайшылары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі және «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ болып табылады.

Жобаны іске асыруды ұйымдастырушы «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың білім басқармалары, меценаттар, БАҚ болып табылады.

Жобаның мақсаты:

  1. Үздік студенттерді анықтау, марапаттау және ынталандыру арқылы ТжКБ ұйымдарының студенттерін құзыреттілік деңгейі мен көшбасшылық қасиеттерін қалыптастыруға ынталандыру;
  2. Үздік студенттер мен жұмыс берушілер арасында әрі қарай жұмысқа орналасу үшін немесе әлеуетті жеке бизнес құру үшін бизнес-тәлімгерлермен байланыс орнатуға көмектесу;
  3. Жеке және кәсіби өсу бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарды тарта отырып, шеберлік сыныптар, тренингтер мен курстар ұйымдастыру арқылы үздік студенттердің одан әрі дамуына мүмкіндік жасау.

Күтілетін нәтиже:

  1. ҚР колледждерінің ТОП 100 студенті Жобаның ресми интернет-ресурсында ұсынылады;
  2. ТОП 100 студенттер жыл соңында Нұр-Сұлтан қаласына TVET AWARDS ресми марапаттауға шақырылады, онда оларға бизнес-тәлімгерлермен кездесуге және потенциалды жұмыс берушілермен байланыс орнатуға мүмкіндік беріледі;
  3. Үздік студенттерді одан әрі дамыту үшін шеберлік сыныптары, тренингтер және жеке және кәсіби өсу курстары ұйымдастырылады;
  4. Үздік студенттердің жетістіктері туралы материалдар БАҚ, әлеуметтік желілерде және танымал интернет-ресурстарда жарияланады.

Жобаға қатысушылар:

Жобаға Нұр-сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында «жақсы» және «өте жақсы» оқитын студенттер:

  1. қоғамдық бірлестіктердің, ұйымдардың көшбасшылары, студенттік өзін-өзі басқару және еріктілер қозғалысының көшбасшылары;
  2. Worldskills аймақтық, ұлттық және халықаралық чемпионаттарының және басқа да кәсіби шеберлік байқауларының қатысушылары мен жеңімпаздары;
  3. ғылыми конференцияларға қатысушылар және олимпиада, түрлі конкурстар, спорттық жарыстар жеңімпаздары, шығармашылық ұжымдардың өкілдері, жобалардың, инновациялық идеялардың, стартап-жобалардың авторлары;
  4. мемлекеттік жастар саясатын іске асыру шеңберінде жұмыс істейтін бағдарламалар мен қызмет бағыттарының белсенді қатысушылары;
  5. позитивті жастар ұйымдарының өкілдері қатысады.

Іске асыру механизмі

Жоба 3 кезеңде жүзеге асырылады:

  1. ТжКОБ ұйымының ішінде;
  2. Аймақ деңгейінде
  3. Қорытынды кезең республикалық деңгейде.

 

Колледжде және аймақта іріктелген студенттер 1-8 қараша аралығында Жобаның республикалық кезеңіне қатысуға өтініш білдірді.

Жобаға қатысуға өтінімде үміткерлер келесі ақпаратты жіберді:

1)  қатысушыны тұлға және болашақ маман ретінде ашып көрсететін мәтін (жазу жанры мен стилі таңдауына қарай);

2)  қатысушыны болашақ маман ретінде таныстыратын видео;

3)  қатысушыны әлеуметтік белсенді азамат ретінде таныстыратын видео;

4)  қатысушы өндірістік тәжірибеден өткен колледждің әлеуметтік серіктесінен ұсыныс хат.

2019 жылғы қараша айының 11 мен 29 аралығында «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ веб-сайтында  ТОП 100 студентті анықтау үшін онлайн дауыс беру жүргізіліп жатыр.

 

Жобаның аяқталуы 2019 жылдың желтоқсанында Нұр-Сұлтан қаласында TVET AWARDS марапаттау салтанаты форматында жүзеге асырылады.

 

Қосымша мәліметтерді www.kasipkor.kz сайтында жарияланған ақпараттан,     сондай-ақ, 8 (7172) 91 73 20 және 8 701 208 18 11 телефондары арқылы Рысбетова Назымға E-mail: naz.kaz@mail.ru, Саленова Шугла тел.87088688888  хабарласып, алуға болады.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив