ЮНЕСКО Әл-Фараби мен Шымкент мерейтойларына  ресми қолдауын берді

ЮНЕСКО Әл-Фараби мен Шымкент мерейтойларына ресми қолдауын берді

 

 

2019 жылғы 12-27 қараша аралығында Франция астанасында өткен ЮНЕСКО-ның 40-шы Бас конференциясы ортағасырлық Шығыстың ғұлама ойшылы әрі ғалымы Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150-жылдығын және Шымкент қаласының негізі қалануының 2200-жылдығын келесі жылы атап өтілетін халықаралық мерейтойлар тізіміне енгізу жөнінде арнайы қарар қабылдады.

Ұйымға мүше 193 мемлекеттің ортақ шешіміне сәйкес ЮНЕСКО Хатшылығына аталған мерейтойлар аясында өткізілетін іс-шараларға қатысу тапсырылды.

Бас конференцияның пленарлық жиналысында Қазақстанның Франциядағы Елшісі әрі ЮНЕСКО жанындағы Тұрақты өкілі Жан Ғалиев мүше мемлекеттерге еліміздің ұсыныстарын қолдағандары үшін алғыс білдіріп, оларды аталған мерейтойларға, және қазақтың ұлы ақыны әрі ойшылы Абай Құнанбайұлының 175-жылдығына орай елімізде және шетелде өткізуге жоспарланып отырған іс-шараларға қатысуға шақырды.

ЮНЕСКО мерейтойлары күнтізбесіне енгізу жөнінде өтініштер, атап өтілуі Ұйымның жаһандық мәдениет, ғылым мен білімге қосқан үлестерін насихаттау арқылы халықтарды жақындастыру мақсатына сай келетін, маңызды оқиғалар, айтулы тұлғалардың туғанының немесе қайтыс болғанының елуге бөлінетін даталарға қатысты болуы тиіс. 40-шы Бас конференция бекіткен тізімге 53 мүше мемлекеттің ұсынысы енді, солардың арасында – көне түркі жазуының аса маңызды үлгілерін қамтитын Білге қаған мен Тоңықұқ (Тоңыкөк) ескерткіштері орнатылуының 1300-жылдығына арналған іс-шараларға ЮНЕСКО-ның қатысуы жөнінде түркі тілдес елдер мен Моңғолияның бірлескен ұсынысы да бар.

Бас конференцияның жалпы саяси дебаттарында сөйлеген өз сөзінде, Елші Ж. Ғалиев алқалы жиынды елімізде білім, ғылым және мәдениет салаларының кешенді дамуын қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік саясат және Мемлекет басшысының  «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауындағы тиісті қағидалар жөнінде хабардар етті.

Отандық дипломат атап өткендей, Жібек жолы қалыптасып, Алтын Орда өркендеген замандардан бері еліміз өркениеттер мен мәдениеттер үнқатысуының жаһандық дәрежеде маңызға ие орталықтарының біріне айналды. Осы орайда, Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымы аясында Мәдениеттер жақындасуының халықаралық онжылдығын (2013-2022 жж.) өткізуді ұсынғаны заңды құбылыс. Елбасының бастамасымен Алматыда ЮНЕСКО қамқоршылығымен Мәдениеттер жақындасуының халықаралық орталығы құрылды, және 2019 жылы маусым айында Ұйым Хатшылығы мен Қазақстан Үкіметі оның қызметінің ережелері туралы келісімге қол қойды.

Елшінің айтуынша, Қазақстан білім, ғылым, мәдениет, телекоммуникациялардың дамуы, гендерлік теңдік салаларындағы халықаралық ынтымақтастыққа белсенді қатысып тұрады. Осы орайда ол ЮНЕСКО Бас конференциясын соңғы он жылда Қазақстанның жоғары және кәсіптік білім орындарында Ауғанстанның шамамен 1000 дарынды жастарына, соның ішінде жүздеген қыздар мен келіншектерге, бейбіт өмірде қажетті мамандықтар бойынша тегін білім берілгені жөнінде хабардар етті.

Бас конференция аясында Қазақстан Жібек жолы бойында орналасқан елдердің мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығын ынталандыру жөніндегі ЮНЕСКО жобасына және осы ғылымның дамуына Әл-Фараби айтулы үлес қосқанын ескере отыра 14 қаңтарды Әлемдік Логика күні ретінде белгілеу жөнінде қарарларды қолдады.

Сонымен бірге, алқалы жиын шеңберінде 120-дан астам мүше мемлекет өкілдерінің, соның ішінде Қазақстанның Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың, қатысуымен мәдениет министрлерінің дүниежүзілік форумы өтті.

Бас конференция аясында, сондай-ақ, Жоғары білімде біліктіліктерді мойындау жөніндегі Жаһандық конвенция қабыланды. Әлемнің дербес өңірлері арасында академиялық мобильділік үшін халықаралық-құқықтық негіздерді нығайтатын құжаттың әзірленуіне Қазақстанның Білім және ғылым министрлігінің мамандары да өздерінің мазмұнды үлесін қосты.

 

Анықтамалық ақпарат: Қазақстан 1992 жылдың 22 мамырынан бастап Біріккен Ұлттардың білім, ғылым және мәдениет жөніндегі Ұйымының (ЮНЕСКО) толыққанды мүшесі болып табылады. Беделді халықаралық ұйыммен ынтымақтастығымызды ҚР ЮНЕСКО және ИСЕСКО жөніндегі Ұлттық комиссиясы үйлестіреді. Мемлекетіміз ұйым аясындағы 15 халықаралық конвенцияның тарапы болып табылады. Осы күнге дейін деректі мұраның «Әлем естелігі» халықаралық тізіміне - 3, Дүниежүзілік мұра тізіміне – 5, материалдық емес мәдени мұра тізіміне – 10, биосфералық резерваттар желісіне – 11, естелік даталар күнтізбесіне - 23 қазақстандық ұсыным енгізілді. Елімізде ЮНЕСКО-ның 5 кафедрасы, 31 қауымдастырылған мектебі, 50-ден астам клубы істейді.

 

Қазақстан Республикасы

Сыртқы істер министрлігінің

баспасөз қызметі

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив