«Біздің сенімді серіктестеріміз»

«Біздің сенімді серіктестеріміз»

Сыбайлас жемқорлық сияқты әлеуметтік кесірге қарсы тұру мемлекет пен қоғамның біріккен күш-жігерінсіз мүмкін емес екені жалпыға мәлім. Бұл туралы біздің еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізі болып табылатын «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» бағдарламалық құжатта да атап көрсетілген. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға халықты кеңінен тарту қажеттілігі туралы мәселе Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясында да белгіленген.

Осы стратегияларды, сондай-ақ «Еститін мемлекеттің» тұжырымдамасын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы санасын қалыптастыруға және негізгі моральдық-адамгершілік құндылықтарды дарытуға бағытталған бірқатар іс-шаралар өткізуде.

Мысалы, «Адал жол-Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафонын өткізу дәстүрге айналуда. Марафон аясында брейн-рингтер, event-шаралар, дебаттар, флэш-мобтар, автопробегтер және т. б. сияқты түрлі форматтағы іс-шаралар өткізіледі. Марафон аясында білім беру мекемелерімен, «Нұр Отан» партиясымен, «Жаңару» ҚБ, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен және БАҚ-пен тығыз қарым-қатынаста жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыру бойынша 378 іс-шара өткізілді, 26,9 мың азамат қамтылды.

Сонымен қатар, біз «Мейірімділік акселераторы», «Адал жүрек», «Адалдық керуені», «Ағаштарды отырғызу жақсырақ», «Жол бер - өмірді сақта!», «Таза тамыз» сияқты ауқымды акциялар өткіздік. Олардың барлығы қоғам өміріндегі рухани-адамгершілік тәрбиенің рөлін арттыруға бағытталған.

Ішкі парасаттылықты тәрбиелеу мақсатында өңірде 305 «адалдық» дүкені (Integrity Shop) ашылды және жұмыс істейді. Онда сатып алушылар төлемді арнайы жәшікте қалдырып қажетті тауарларды өз бетінше сатып ала алады. Сонымен қатар, бүгінгі таңда білім беру ұйымдарында және өңірдің мемлекеттік органдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалыстың жас өкілдерін дайындауға бағытталған 594 парасаттылық мектебі ашылды.

Сонымен қатар, Департамент «Ақмола - адалдық алаңы» ірі жобасын іске асыруда, оның мақсаты тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою. Сондай-ақ бизнесті дамыту үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған «Protecting Business and Investments» жобасын іске асыруда.

Біз жүзеге асырып жатқан барлық бастамалар мен іс-шаралар туралы бұқаралық ақпарат құралдары билік пен қоғам арасындағы белсенді диалогтық алаң қызметін орындай отырып, тұрғындарды хабардар етуге көмектеседі.

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияға сәйкес БАҚ «сыбайлас жемқорлықты қоғамдық қабылдамау ахуалын қамтамасыз етуге, қазақстандықтардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруға, олардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ісіне белсенді қатысуына ықпал етуге бағытталған».

 

Қазіргі уақытта республикалық және өңірлік БАҚ-та Департаменттің қызметі туралы 2000-ға жуық материалдар орналастырылған, оның ішінде теледидарда 200-ден астам сюжет, баспа басылымдарында 460-тан астам жарияланым, өңірлік және республикалық маңызы бар ақпараттық агенттіктердің интернет-ресурстарында 1300-ден астам жарияланым.

 

Департамент сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптарға «Акмолинская правда», «Степной маяк», «Арқа ажары», «Көкшетау», «Любимый город», «Көкшетау бүгін - Кокшетау сегодня» сияқты өңірлік баспа газеттеріне үнемі мақалалар орналастырады. Материалдар ақпараттық агенттіктің интернет-сайттарында жарияланады, олардың ішінде «DKNews», «Tengrinews.kz», «Дорожный patrul.kz», «Казинформ», «Литер», «Infozakon.kz», «Kazakhstan Today», «Казахстанская правда», «Baq.kz», «Kokshetauasia» және басқалар. Сонымен қатар, БАҚ қатысуымен түрлі конференциялар мен брифингтер өткізіледі, газеттер мен теледидарға сұхбат беріледі.

Бұқаралық ақпарат құралдарымен ынтымақтастықтың мысалы ретінде, өңірлік баспа басылымдарында Департаменттің айдарлары бар екенін атап өтуге болады. Бұл - «Ақмола – адалдық алаңы» және «Антикор слушает» қалалық «Любимый город» газеттерінің айдарлары. Сонымен қатар, облыстық «Kókshe» телеарнасында «Ақмола-адалдық алаңы» телевизиялық бағдарламасы жұмыс істейді.

Instagram және Facebook танымал әлеуметтік желілерінде біздің парақшалар жұмыс істейді, онда жүргізіліп жатқан жұмысты жария ету ғана емес, сонымен қатар, Департаменттің тиімді жұмысына ықпал ететін халықтан жедел кері байланыс алу мүмкіндігі бар.

 

Блогинг қазіргі ортадағы журналистік коммуникацияның ең танымал құралдарының бірі екенін ұғына отырып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу аясында біз бірлесіп жұмыс істеп жатқан блогосфера өкілдері де шет қалмайды.

Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптарды насихаттау мақсатында Департамент бұқаралық ақпарат құралдарын ынталандыруға бағытталған бірқатар іс-шаралар жоспарлайды, атап айтқанда, БАҚ өкілдері арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша үздік жарияланымдарға конкурстар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы аса маңызды материалдарды көтермелеу және т.б.

 

Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, цифрландыру кезеңінде БАҚ-пен сенімді әріптестер ретінде тығыз және берік қарым-қатынастар азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастырудағы маңызды басымдықтардың бірі болып табылатынын атап өткен жөн.

 

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы

Төлеубаев Мұрат Ахтанұлы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив