ҚР ОСК ЕҚЫҰ Нұр-Сұлтан қаласындағы Бағдарламалық офисімен бірлесе отырып семинар-тренинг өткізді

ҚР ОСК ЕҚЫҰ Нұр-Сұлтан қаласындағы Бағдарламалық офисімен бірлесе отырып семинар-тренинг өткізді

2019 жылғы 12 қарашада Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ЕҚЫҰ-ның Нұр-Сұлтан қаласындағы Бағдарламалық офисімен бірлесе отырып "Ұлттық сайлау заңнамасы мен халықаралық стандарттарды сақтаудағы Халықаралық бақылау институтының рөлі" атты семинар-тренинг ұйымдастырды.

Семинардың мақсаты - түрлі халықаралық ұйымдардың миссиялары құрамында шет мемлекеттерге сайлауды халықаралық бақылаушылар ретінде шығатын мемлекеттік органдардың, сайлау комиссияларының, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін оқыту.

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Анастасия Щегорцова, сондай-ақ Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар Кеңсесі Басшысының орынбасары Диана Дигол құттықтау сөз сөйледі. ЕҚЫҰ/ДИАҚБ кеңесшісі Радивое Груич «Халықаралық бақылау құралдары және дауларды шешу» тақырыбында презентация жасады. Сондай-ақ, семинар аясында жақында өткен сайлауда халықаралық миссиялар құрамына ҚР СІМ Еуропа департаментінің атташесі Назгүл Абдрахман 2019 жылғы ақпанда Молдова Републикасындағы парламенттік сайлауды бақылау қорытындысы бойынша, сондай-ақ 2019 жылғы шілдеде Украинадағы парламенттік сайлауды бақылау қорытындысы бойынша "Eurasian Expert Council" ҚҚ президенті Шыңғыс Лепсібаев қатысты.

Аталған семинар Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының және ЕҚЫҰ Нұр-Сұлтан қаласындағы Бағдарламалық офисінің жобалық қызметі шеңберінде жыл сайын 2008 жылдан бастап өткізіліп келеді.

 

Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив