«САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» БАСҚА ДА КОМПАНИЯЛАРДЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫ НАРЫҒЫНА ШЫҒАРАДЫ» - АХМЕТЖАН ЕСІМОВ

«САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» БАСҚА ДА КОМПАНИЯЛАРДЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫ НАРЫҒЫНА ШЫҒАРАДЫ» - АХМЕТЖАН ЕСІМОВ

 «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов Өскемен қаласына жұмыс сапары барысында «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ-ның 70 жылдығын атап өтуге қатысты. «ҮМЗ» -  Қордың жетекші қоржындық компаниясы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК АҚ-ның еншілес кәсіпорны.

Ахметжан Есімов өз сөзінде зауыт басшылығы мен қызметкерлерін салтанатты түрде құттықтап, Қордың алдағы ірі портфельдік компанияларының  IPO/SPO-ға шығуы туралы және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен 2016-2020  жылдарға арналған «Самұрық-Қазына» АҚ-ның Жекешелендіру бағдарламасының болашағы туралы айтты.

«Қазатомөнеркәсіп» әлемнің қаржы нарықтарына табысты шығуы оның халықаралық танылуын куәландырады, сондай-ақ компанияның табысты дамуы, корпоративтік ашықтық пен басқару үшін жағдай жасайды. «Қазатомөнеркәсіп» біздің алғашқы жарияланған компаниямыз. Осы тәжірибені ескере отырып, «Самұрық-Қазына» қоры басқа да компанияларды халықаралық қаржы нарықтарына шығарады, бұл тек осы компанияларда ғана емес, жалпы ел экономикасына оң әсер етеді», - деді Ахметжан Есимов.

Сондай-ақ, Қор басшысы «Қазатомөнеркәсіп» әлемдегі ең ірі табиғи уран өндіруші екендігін атап кетті. Бұл компания әлемдік уран өндірісінің 23%-ын және шамамен 21 мың адамды жұмыс орындарымен қамтамасыз етеді.

2018 жылдың қараша айында Ұлттық компания Қордың Жекешелендірудің кешенді жоспары аясында халықаралық қор нарыңына шықты. IPO басталғаннан бері «Қазатомөнеркәсіп» акцияларының бағасы айтарлықтай өсті және компанияның құны қазіргі уақытта 3-тен 3,5 млрд. АҚШ доллары.

Сөз соңында Басқарма төрағасы «ҮМЗ» - 4000-ға жуық жоғары білікті маман жұмыс істейтін әлемдік маңызы бар үлкен заманауи өндіріс екенін аатап өтті. Қазіргі уақытта қолданыстағы технологиялар жылына 3600 тонна уранды 6000 тоннаға дейін ұлғайту жоспарларымен өңдеуге мүмкіндік береді.

2020 жылы «ҮМЗ» - да таблеткалық өндірісті жаңғырту жөніндегі жоба аяқталып жатыр. Нәтижесінде отын таблеткаларын өндіру көлемі жылына 400 тоннаға дейін артады. Бұдан басқа, кәсіпорынның жоспарында жыл сайын 200 тонна жоғары сапалы өнім шығаратын француз дизайнының жылу бөлетін құрастырмаларын (ЖБҚ) өндіру жөніндегі зауыттың құрылысын аяқтау, техникалық қайта жарақтандыруды жүзеге асыруғ тантал өндірісі бойынша металды күйдіру пешін сатып алу және бериллий өндірісінің негізгі қорларын жаңарту бар.

Қор басшысының айтуынша, жаңа енгізілген өзгерістер Қазақстан алдында жаңа нарықтар ашады. ЖБҚ бірінші партиясын 2020 жылдың соңына қарай күтіліп отыр, сәйкесінше кәсіпорынның табысы өседі және жұмыс орындары құрылады және өндщірістің тұрақтылығы нығаяды.

 

Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

Қоғаммен байланыс және

маркетингтік коммуникациялар

 жөніндегі департаменті

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

1 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив