Елордалық департаменттің атына қиын жағдайларда полиция қызметкерлерінің шұғыл көрсеткен көмектері үшін алғыс білдірген хаттар келіп түсуде.

Елордалық департаменттің атына қиын жағдайларда полиция қызметкерлерінің шұғыл көрсеткен көмектері үшін алғыс білдірген хаттар келіп түсуде.

Елордалық Полиция департаментінің атына қала тұрғындары мен қонақтарынан және жеке ұйымдардан полиция қызметкерлерінің көрсеткен көмектеріне алғыс білдірген хаттар келіп түсуде. Бір ғана қазан айының ішінде Нұр-Сұлтан қаласы ПД басшысы Ержан Саденовтің атына отыздан астам хабарлама жолданған, онда қиын жағдайда шұғыл көрсеткен көмектері үшін Департамент бөліністерінің жекелеген қызметкерлеріне алғыстарын білдірген.

«oil_atyray» - Мен Атырау қаласының тұрғынымын. Менің атым Жаннат. Маған Нұр-Сұлтан қаласындағы Көз аурулары институтында квота бойынша ота жасаған. Ауруханадан шыққан соң Атырауға үйіме кеткенше дейін таныстарыма бара тұруым керек болды, бірақ адасып кеттім. Яғни, қоғамдық көлікке отырып, қажетті аялдамаға жетпей ерте шығып кетіппін,  осылайша адасып кеттім. Отадан кейін жүріп-тұруым қиындау болғандықтан көшедегі адамдардан жолдан өткізіп жіберуді өтіндім. Сол кезде ПП МБ қызметкері мені көріп, өзінің көмегін ұсынды.  Мен оның ісіне таң қалдым.  Өзін ПП МБ 6-взвод командирі полиция майоры Оразбеков деп таныстырды.  Сол кезде мені көлік қағып кетуі де мүмкін еді. Бірақ  Дәуреннің арқасында  баратын жеріме аман-есен жеттім. Дәурен әрі қарай  да көмегін ұсынып, коодинаттарын тастап кетті. Мен шын көңілден алғысымды білдіремін.  Оған зор денсаулық тілеймін. Ол көпке үлгі боларлықтай. 

Елорда тұрғыны азамат Кенжебеков тергеуші Асанәлі Мұқановқа алғысын білдіреді. Азаматтың отбасында қайғылы оқиға орын алған, яғни туған ағасын өлтіріп кеткен. Тергеу іс-шаралары барысында Тергеу басқармасының тергеушісі Асанәлі Мұқанов бірнеше күннің ішінде қылмыс жасаған күдіктіні анықтап, ұстаған. Ер адамның Полиция департаментінің бастығы Ержан Саденовтің атына жазған хатында: «Тергеуші Асанәлі Мұқанов істі тез арада ашып, дәлелдемелерді жинап,  сотқа жолдады. Қызметі үшін алғыс білдіремін!»- делінген.

Елорда тұрғыны Мирхан Алдажұмановтың алғыс білдіруі полиция жұмысына деген құрметтен туындаған. Аға анықтаушы Ерлан Жанаров, жедел уәкілдер Азамат Абдалимов және Нұржан Смағұлов екі күннің ішінде пәтер ұрлығын ашқан және жеке заттарын өзіне қайтарып берген. Мирхан Алдажұманов өз хатында: «Аталған полиция қызметкерлерінің кәсіби бағытын, заңға деген зор құрметін, шұғыл әрекет етуін және борышын атап өткім келеді» -деп жазған.  

Біздің елімізге келетін туристерде полиция қызметкерлеріне алғыстарын білдіреді. Ресейден келген қонақ көмек көрсеткен елордалық полиция қызметкерлеріне алғысын білдірген. «Мен, Ресейден келген қонақ ретінде полицейлердің азаматтарға деген қарым-қатынасына таңғалдым,- деп жазды Д.Ш.Исабаев. Мен Қазақстан Республикасында осындай адамдармен кездесуге болатынын мақтан тұтамын». Өз хатында ер азамат полиция қызметкерлері полиция аға лейтенанты Н.Абу Асқарға, кіші сержант М.Хамзинге, қатардағы Р.Атабаевқа алғыс білдірді. «Мен көліктен шыққанда есіктің құлпы бұғатталып қалды, кілт іште қалып қойды, ал мен не істерімді білмедім. Сол сәтте полиция қызметкерлері келіп, бірінен соң бірі әрекет жасап, нәтижесінде есікті ашып берді, -деп жазды Д.Ш.Исабаев.

Елордалық полицияның әрекетіне басқа ұйымдар да алғыс білдіреді. «Астаналық базар» жабық базарының әкімшілігі полиция лейтенанты Сүйімбаев Бауыржан Сермағанбетұлына, Шахман Өркен Даниярұлына ризашылығын білдіреді және Полиция департаментінің басшылығына сауатты әрі адал қызметкерлер тәрбиелеуге үлес қосып жатқаны үшін алғыс білдіреді,- деп «Астаналық базар» жабық базарының   әкімшілігі жазды. Аталған қызметкерлер  ірі сомадағы алтын бұйымдар ұрлығын жедел ашып, күдіктіні ұстаған.

Полицейлердің оң жұмысын «Жол үстінде қабылдау» акциясына қатысқан астана тұрғындары да атап өтті. Осылайша, Зульфия Досумова  «Астана хочу похвалить/пожаловаться» деп аталатын Фейсбуктегі әйгілі топта алғыс жариялаған. Зульфия «Есіл» ауданы ПБ әкімшілік полиция бастығы  Кантаевтың, сонымен қатар учаскелік полиция инспекторлары  А.Момбиновтың, Б.Пернешовтің және Г.Омаровтың жақсы жұмыс жасағанын атап өтті.

Сондай-ақ, Полиция департаментінің бастығы  Ержан Саденовтің азаматтарды қабылдауы кезінде қабылдауға келген азаматтар өз проблемаларымен  қатар полиция қызметкерлеріне алғыстарын білдіреді.  Осылайша, 26 жастағы қала тұрғыны «Байқоңыр» ауданы ПБ полицейлеріне алғысын білдірді. Аталған ер азамат аудандық Полиция басқармасының тергеушісі  Алибек Көркемжанның жедел әрекет жасауы арқасында машина сатумен байланысты бірқатар алаяқтық жасаған күдікті ұсталғанын айтып өтті. Күдікті қымбат автокөліктерді жалға алып, кейін азаматтардың сеніміне кіріп, көлік сатып алам деген ниеті бар адамдарға нарықтағы бағадан төмен бағаға сатумен айналысатыны анықталды.

Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары, Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті елордалық полиция гарнизоны қызметкерлері атынан Сіздерге полицейлердің жұмысын жоғары бағалайтыныңыз туралы әлеуметтік желілердегі жарияланымыңыз және Департаменттің мекенжайына келіп түскен хаттарыңыз үшін алғыс білдіреді.

 

Нұр-Сұлтан қаласы ПД Баспасөз қызметі

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив