Нұр-Сұлтан қаласында «Қауіпсіз кәсіпорын – дені сау жұмысшы» тақырыбында елордалық бастауыш кәсіподақ ұйымдарының форумы өтті.

Нұр-Сұлтан қаласында «Қауіпсіз кәсіпорын – дені сау жұмысшы» тақырыбында елордалық бастауыш кәсіподақ ұйымдарының форумы өтті.

2019 жылғы 3 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында «Қауіпсіз кәсіпорын – дені сау жұмысшы» тақырыбында елордалық бастауыш кәсіподақ ұйымдарының форумы өтті.

          Қазақстан Кәсіподақтары күні қарсаңында Нұр-Сұлтан қаласы Кәсіподақтар орталығының ұйымдастыруымен өткен Форум жұмысына ҚР Кәсіподақтар федерациясының басшылығы, әлеуметтік серіктестер, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының мүшелері, халықаралық ұйымдардың, мемлекеттік органдардың және коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ, еңбекті қорғау саласындағы сарапшылар мен ғалымдар қатысты.
       Форумды ашқан Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Ералы Тоғжанов Федерация бастауыш кәсіподақ ұйымдарының қызметіне баса назар аударатынын атап өтті.  ҚРКФ басшысы өз сөзінде өндірісте жарақат алу мәселесіне тоқталды.         

       Кәсіподақтар үшін қауіпті еңбек шарттары бар жұмыс орындарын қысқарту мәселелері өзекті. Статистика бойынша, 1,6 миллион жұмысшының 373 000-ы немесе әрбір төртіншісі (22,3%) зиянды және қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істейді.

        Осы мәселелердің маңыздылығын ескере отырып, Кәсіподақтар федерациясы Қазақстан Республикасының Үкіметіне заңнамада еңбекті қорғауды басқару жүйесін енгізуге қатысты бөлімді жетілдіру бойынша ұсыныстармен жүгінді.       

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік шараларын күшейту, өндірістегі жазатайым оқиғалар мен кәсіптік ауруларды есепке алу мен бақылаудың бірыңғай ақпараттық жүйесін құру ұсынылды.

 

НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ КӘСІПОДАҚТАР ОРТАЛЫҒЫ

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

1 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив