2018 ЖЫЛҒЫ 1 ҚАЗАННАН КЕЙІН БЕРЕШЕГІ БАР КӘСІПКЕРЛЕР ДЕ САЛЫҚТЫҚ РАҚЫМШЫЛЫҚТЫ ПАЙДАЛАНА АЛАДЫ

2018 ЖЫЛҒЫ 1 ҚАЗАННАН КЕЙІН БЕРЕШЕГІ БАР КӘСІПКЕРЛЕР ДЕ САЛЫҚТЫҚ РАҚЫМШЫЛЫҚТЫ ПАЙДАЛАНА АЛАДЫ

Салықтық рақымшылық қазіргі кезде 2018 жылғы 1 қазаннан кейінгі кезеңде қосымша салық есебі 2018 жылғы 1 қазанға дейінгі салық кезеңіне  берілген салық төлеушілерге жүргізіледі. Салықтық рақымшылыққа қатысушылардың тізімін кеңейту мүмкіншілігімен 48 салық төлеуші қолданды, оларда 228,8 млн.теңге өсімпұл сомасы және 111,8 млн.теңге айыппұл сомасы есептен шығарылған. Негізгі қарыздың төленген сомасы 677 млн.теңгені құрайды.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті елімізде осы жылдың аяғына дейін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне арналған салықтық рақымшылық жүргізіліп жатқанын ескертеді.

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне арналған салықтық рақымшылық шегіне орай 2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша болған бересі сомасын салық төлеуші төлеген жағдайда, өсімпұл және айыппұл сомалары есептен шығаруға жатады. Осы туралы ҚР ҚМ МКК Берешектермен жұмыс бақармасы басшысының орынбасары Н.Нұртазина хабарлады.

Оның айтуынша, бүгінгі күнде 42 114 салық төлеуші берешекті барлығы 8,0 млрд.теңге сомасына төлеген, оларға 2,4 млрд.теңге өсімпұл және 190,0 млн.теңге айыппұл сомасы есептен шығарылған.

Сонымен қатар, Қаржы министрінің 2019 жылғы 6 тамыздағы № 829 бұйрығымен Қаржы министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 306 бұйрығымен бекітілген Жеке шоттарды жүргізу қағидаларына қосымшалар енгізілгенін атап өтеміз, осыған сәйкес салықтық рақымшылық сондай-ақ салық тексеру нәтижесінде салық және басқа да міндетті төлемдер 2018 жылғы 1 қазанға дейінгі салық мерзіміне есептелген, бірақ тексеру нәтижелері туралы хабарламаны шағымдауға немесе тексеру нәтижелері туралы хабарламаны орындау мерзімі келмеуіне сәйкес 2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша берешек жоқ болған салық төлеушілерге жүргізілетінін Н.Нұртазина хабарлады.

Бұдан басқа, жеке шоттарды жүргізу қағидаларына қосымшалар енгізуге сәйкес салық рақымшылығы 2018 жылғы 1 қазаннан кейінгі кезеңде 2018 жылғы 1 қазанға дейінгі салықтық кезеңіне қосымша салықтық есепті тапсырған салық төлеушілерге жүргізіледі.

Бұл ретте салықтық есеп бойынша айыппұл сомасын есептен шығару тек оны 2019 жылғы 1 шілдеге дейін төлемеген жағдайда жүргізіледі, онда уақытында төленген айыппұл сомасы рақымшылыққа жатпайтынына назар аударамыз.

Осылайша, салықтық рақымшылық қолданылатын тұлғаларды кеңейту шеңберінде бүгінгі күнде 48 салық төлеушіге негізгі қарыз 677 млн.теңге сомасына төлегенге сәйкес, 228,8 млн.теңге өсімпұл сомасы және 111,8 млн.теңге айыппұл сомасы есептен шығарылған.

Жеке кәсіпкер Қостанай облысында 2018 жылғы 1 қазанға дейінгі салық мерзіміне қосымша салықтық есеп тапсырған және салық бойынша негізгі қарызы 757,1 млн.теңге сомасына төленген, осыған орай салық төлеушіге барлығы 332 млн.теңге бересі соммасы есептен шығарылғанын Нұртазина Нағима мысалға келтірді.

Басқа жағдайда, Алматы қаласында тіркеуде тұрған жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне салық тексеру нәтижесінде салық және өсімпұл есептелінген. Бұл ретте 2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша акт бойынша есептелген сомма шағымдалуда. Шағымдалудың нәтижесі бойынша тексеру нәтижелері туралы хабарлама күшінде қалды және салық төлеуші салық бойынша негізгі қарызы 35,5 млн.теңге сомасына төлеген, осыған орай салық төлеушіге салықтық рақымшылық шеңберінде 13,6 млн.теңге бересі соммасы есептен шығарған.

Салықтық рақымшылық осы жылдың аяғына дейін ұзартылғанына салық төлеушілердің назарын аударамыз, осыған орай, салық төлеушілерді бар мүмкіншілікті қолдануға және мемлекеттің алдында негізгі қарызды өтеуге шақырамыз, бұл есептелген өсімпұл мен айыппұлдан құтылуға мүмкіндік береді.

Салық төлеушілер салық бойынша берешегі бар/жоқтығын келесі ссылка бойынша біле алатынын ескертеміз http://kgd.gov.kz/ru/app/culs-taxarrear-search-web.

 

ҚР Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив