Кірістері мен мүлкi туралы декларацияны қызмет атқарып жүрген мемлекеттік қызметшілер ғана ұсынбайды

Кірістері мен мүлкi туралы декларацияны қызмет атқарып жүрген мемлекеттік қызметшілер ғана ұсынбайды

Мемлекеттiк қызметтен терiс себептер бойынша шығарылған азаматтар, жұмыстан босатылғаннан кейiн үш жыл бойы 31 наурызға дейін тұрғылықты жерi бойынша мемлекеттiк кiрiс органына кірістері мен мүлкi туралы декларацияны ұсынады.

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Ақтөбе облысы бойынша департаментімен мұндай декларацияларды уақтылы ұсыну бойынша шаралар қабылдануда.

Сонымен, 2018 жылы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 274-бабының 1-бөлігіне сәйкес (қаржылық бақылау шараларын бұзу) мемлекеттік қызметтен теріс себептермен босатылған 66 мемлекеттік қызметші әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

2019 жылдың 9 айы бойынша осы бұзушылықтар үшін 16 тұлғаға қатысты барлығы 1098375 (бір миллион тоқсан сегіз мың үш жүз жетпіс бес) теңгеге әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде, Департаменттерiс себептер бойынша жұмыстан шығарылған барлық мемлекеттік қызметшілерге айыппұлдың мөлшері отбасы қаражатына зиянын тигізбеу үшін уақытылы декларация тапсыру керектігін ескертеді.

Біздің мақсатымыз - азаматтарды әкімшілік жауапкершілікке тарту ғана емес, сонымен бірге мұндай құқық бұзушылықтардың алдын алу және болдырмау.

Азаматтар көбінесе қолданыстағы заңнама нормаларын білмегендіктен мұндай құқық бұзушылықтарға барады.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив