Ақмола облысында «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының үшінші облыстық слеті өтті

Ақмола облысында «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының үшінші облыстық слеті өтті

 

Өскелең ұрпақтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру  мақсатында Зеренді ауданының табиғи бұрышында, «Парус» демалыс орталығында «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының үшінші облыстық слеті өтті.

Іс-шараны ұйымдастырушылар – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті, Ақмола облысының ішкі саясат және білім басқармалары.

Екі күндік слетке Ақмола облысының 19 өңірінен жиналған 100 астам оқушы қатысты. Олардың ішінде «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының мүшелері мен оқушылар арасындағы жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша қалалық және аудандық конкурстардың жеңімпаздары болды. Сонымен қатар слетке «Адал ұрпақ» мектеп клубтарының аудандық және қалалық қоғамдастықтарының басшылары, қоғамдық бірлестіктер мен қорлардың өкілдері белсенді қатысты.

Слеттің қатысушыларын қарсы ала отырып, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Арман Бердалин балаларға сәттілік тілеп, оларды жемқорлықтың балық көріністеріне төзбеушілік танытуға щақырды.

«Қазіргі заман – жоғары білімді адамдардың заманы. Сол себепті сендердің міндеттерің – жақсы оқу, еліміздің адал және парасатты азаматтарын ретінде қалыптасу болып табылады. Сендердің қазіргі таңда дамыған, бәсекеге қабілетті әрі заманауи Қазақстанның қалыптасуына өз үлестеріңді қосуға мүмкіндіктерің бар» - деп Арман Бердалин атап өтті.

Слеттің бағдарламасы өте қызықты болды. Слеттің алғашқы күнінде облыстың барлық мектептерінде ашылған парасаттылық және адалдық мектептерін қолдауға бағытталған «Жарқын болашақ» атты би марафоны өтті. Бұдан кейін оқушылар топтарға бөлініп, «Адал жол» квест-ойынына қатысты. «Адал ұрпақ» клубтарының «PechaKucha» форматындағы презентациялық жобаларды таныстыру рәсімі, оған қоса спорт жарыстары, коуч-бапкерлердің және менторлардың қатысуымен шебер сағаттар өткізілді. Қатысушыларға «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының үшінші облыстық слетіне қатысқаны үшін арнайы сертификаттар табысталды.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив