ЖАНСЕЙІТ ТҮЙМЕБАЕВ: ҚАЗАҚ ЖЕРІНДЕ ГЁТЕГЕ ДЕГЕН ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ БІР ЖАРЫМ ҒАСЫР БҰРЫН ТУЫНДАҒАН

ЖАНСЕЙІТ ТҮЙМЕБАЕВ: ҚАЗАҚ ЖЕРІНДЕ ГЁТЕГЕ ДЕГЕН ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ БІР ЖАРЫМ ҒАСЫР БҰРЫН ТУЫНДАҒАН

 

Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаев  ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында өткен немістің ұлы ақыны, дана ойшыл, драматург, прозаик, философ, ғалым

 И.В. Гётенің туғанына 270 жыл толуына арналған «Адамзаттың алып ақыны»  атты поэтикалық-музыкалық кешке қатысып, сөз сөйледі.

      Іс-шара аясында неміс халқының ұлы ақыны И.В. Гётенің «Батыс-шығыс жинағы» атты неміс және қазақ тілдеріндегі  (қазақшаға аударған Төрегелді Тұяқбай) кітабының тұсаукесері өтіп, «ГЁТЕ – 270 жаста» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Мерекелік жиынның негізгі мақсаты – ұлы ақынның адамгершілік өмірімен таныстыру, оның философиясын, көзқарасын, рухани мұрасын, поэтикалық шығармалары мен әндерін көпшілікке тарату болып табылады.

Іс-шараға Неміс тілі орталығының басшысы Гульнара Фахрудинова,  тарих ғылымдарының докторы, «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі, жазушы, филология ғылымдарының докторы Тұрсын Жұртбай, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті шет тілі филологиясы кафедрасының меңгерушісі Айгүл Бишкенова және т.б. қатысты.

- Гётe – бір ұлттың ұлы болып туып, бүкіл адамзаттың тұлғасына айналған ақын, талантына әлем бас иген классик-жазушы, философ, ғалым және өз заманының ықпалды мемлекеттік қайраткері. Сондықтан да, бүгін бүкіл өркениетті әлем ұлы тұлғаның мерейтойына арналған мәдени, ғылыми іс-шаралар өткізуде. Соның бірі – бүгінгі көрме мен жиынымыз.

Қазақ жерінде Гётеге деген қызығушылық бұдан бір жарым ғасырға жуық уақыт бұрын туындағаны белгілі. Оның еңбектері ұлы Абайдың, Шәкәрімнің, Мәшһүр-Жүсіптің, Медеубай Құрмановтың, қазақтың басқа да ақындарының аудармалары арқасында жан-жаққа тарап, бұқара халыққа жеткен. Гёте тұлғасына, оның шығармашылығына деген қызығушылық ешқашан тоқтаған емес.

Әсіресе, Қазақстан Халқы Ассамблеясы жастарының Гётеның мұрасына деген ерекше назары бүгінгі таңда бізді қуантады. Мысалы, оған қатты әсер еткен: «Бас киіміңнің үстінде тек қана аспан тұрғаның көріп тұрмын» деген ингуш атшабарының сөздері жастар арасында кездесіп тұрады. Неміс  халқының жарқын перзенті Иoгaнн Boльфгaнг Гётeнің 270-жылдық мерейтойы ұлы Абайдың 175-жылдық мерейтойының қарсаңында өткізіліп, зор символикалық мәнге ие болып отыр.

Сөзімді қазақ әдебиеті мен мәдениетіне, қазақ пен неміс халықтарының арасын байланыстыруға орасан мол еңбек сіңірген Герольд Бельгер ағамыздың сөзімен аяқтағым келеді: «Ұлы адамдардың, оның ішінде әр халықтың дана ақындарының арасында рухани жақындықтың, рухани тамырластықтың тіпті туысқандықтың бары анық болса, сол жақындық, сол туыстық Гёте мен Абай творчествосында айырықша айқын білінеді», – деп жазады. Бүгінгі іс-шарамыз да – соның бір белгісі, – деп атап өтті өз сөзінде Ж.Түймебаев.

 

Қазақстан халқы Ассамблеясының Баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив