«QAZAVTOJOL» ҰК» АҚ ЖЕРГІЛІКТІ КӘСІПКЕРЛЕРДІ ЖОЛ БОЙЫНДАҒЫ СЕРВИСТІ ДАМЫТУҒА ШАҚЫРДЫ

«QAZAVTOJOL» ҰК» АҚ ЖЕРГІЛІКТІ КӘСІПКЕРЛЕРДІ ЖОЛ БОЙЫНДАҒЫ СЕРВИСТІ ДАМЫТУҒА ШАҚЫРДЫ

 

«QazAvtoJol» ҰК» АҚ қызметкерлері Батыс өңіріне жұмыс сапары барысында Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарының әкімдігі, шағын, орта және ірі бизнес субъектілерімен, сонымен қатар «Атамекен» ҰКП-ның жергілікті өкілдерімен жиын өткізді.

Келелі кездесулерде жол бойындағы сервис нысандарын дамыту, оларды Ұлттық стандарттардың талаптарына сәйкестендіру, жол бойындағы кешендерге жер бөлу және қажетті коммуникацияларды өткізу мәселелері талқыланды.

Жиын барысында «QazAvtoJol» ҰК» АҚ қызметкерлері Қарағанды облысының Осақаров ауданында жергілікті әкімдікпен бірлесе салынатын «А» санатындағы жол бойындағы сервис нысанының сынамалы жобасын таныстырды. Бұл ауданда кәсіпкерге 11 жер учаскелері аукцион әдісі арқылы сатылғаны айтылды. Жоспар бойынша аталмыш кәсіпкерлер ауқымы 5,8 га жерде кемпинг, қонақ үй, сауда орындарын, техникалық қызмет көрсету стансасын, автокөліктерді жуу орындарын, заманауи дәретханаларды, жеңіл және жүк автокөліктеріне арналған тұрақтарды орнатады.   

«QazAvtoJol» ҰК» АҚ-ның жол бойындағы сервистерді дамытуды үшін ҚР Үкіметі БҰҰ ДБ «Қалпына келетін қуат көзі жобаларына инвестиция салудағы тәуекелді азайту» жобасының аясында инвесторларға 350 млн теңгеге дейінгі қаржыландыруға қатысу ұсынылды. Қаржыландырудың шарттары бойынша жылдық мөлшерлеме көлемі 19%. Оның 10% «Даму» қорынан бөлінеді. Сонымен қатар, «Baiterek Venture Fund» АҚ мен екінші деңгейдегі банктердің көмегімен жүзеге асатын қаржыландыру  жобалары таныстырылды.

Жиынның нәтижесі бойынша, Батыс Қазақстан облысының әкімі мен Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе облыстары әкімдерінің орынбасарлары қалалар мен аудандардың әкімдеріне жол бойындағы сервистердің қазіргі жағдайын жақсарту, ұсынылатын қызметтердің сапасын арттыру, кәсіпкерлер үшін интерактивті карта дайындау және Маңғыстау мен Батыс Қазақстан облыстары бойынша инвесторларға берілетін 5 жер учаскесі бойынша ұсыныстар дайындауды тапсырды

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

4 пікір

  1. аватар
    Cruz 26 августа 2023 13:18

    Great blog here! Also your site loads up very fast! What web host are you using?
    Can I get your affiliate link to your host? I wish my website loaded up as fast as yours lol

    Feel free to surf to my web blog Charolette

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив