Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызықты әрі пайдалы шара

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызықты әрі пайдалы шара

Жаз – шуақты күндер мен қызықты демалыс мерзімі. Бала жазғы демалысын белсенді, әрі жан-жақты пайдалы өткізуі үшін оны жазғы лагерьге жіберген жөн. Биылғы жылы ШҚО-ның жазғы лагерьлерінде жазғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мектептер белсене жұмыс атқаруда. Аталған мектептерді ұйымдастырудың басты мақсаты – өскелең ұрпақтың бойында адамгершілік, шыншылдық, парасаттылық, отансүйгіштік сияқты жалпыға ортақ құндылықтарды қалыптастыру. 
Ағымдағы жылғы 10 шілдеде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) ШҚО бойынша Департаментінің басшысы Е.Н.Жалмағамбеттің қатысуымен осындай жазғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мектеп «Үміт» балалар үйінің лагерінде өтті. Өзінің сөзінде Е.Н.Жалмағамбет: «Балалар, баршаңызды өздеріңіздің әрбір әркеттеріңізде, болашақта атқаратын қызметтеріңізде адал болуға шақырамын. Себебі, Сіздер мен біздің ортақ мақсатымыз – сүйікті еліміз Қазақстанның гүлденуіне өз үлесімізді қосу» - деді.
Жазғы мектеп барысында С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің аға ұстазы, заң ғылымдарының магистрі А.А.Каленова сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта тренинг өткізді. Балалар тренингке белсене қатысып, сыбайлас жемқорлықтың зияны туралы көп мәлімет алды. 
Жезкент кентінің 9 сынып оқушысы Амандельдыев Асанали авторлық жобасы «Сатылмайтын Алпамыс» компьютерлік ойынының презентациясын жасады. Жоба жетекшісі К.А.Елюбаев ойынды құрастырудағы басты мақсат компьютерлік ойын арқылы балаларға сыбайлас жемқорлықтың зияндылығын түсіндіру және сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтары үшін жауапкершілік шараларымен таныстыру болғандығын атап өтті. 
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мектептің ең қызықты бөлігі сыбайлас жемқорлық жайлы дайындалған театрлық қойылымдар, ертегілердің үзінділері болды. Ертегілердегі сүйікті кейіпкерлеріміздің бойында парасаттылық пен адалдық болмағандықтан, олардың сыбайлас жемқорлық қылмыстарына барғандығына қарау бір жағынан күлкілі болса, бір жағынан барша көрерменді ойландырып тастады. Әрбір үзіндіден кейін автор балаларға ертегі кейіпкерлерінің іс-әрекеттерінің дұрыс еместігін, заңға қайшы екендігін түсіндіріп отырды.
Сондай-ақ, «Мен адалдық министрі болсам» атты ойын ұйымдастырылды. Бұл ойында балалар «Адалдық министрі» болса сыбайлас жемқорлыққа қарсы қандай шаралар қолданатындықтарын айтты. 
Аталған шараға «Ұлағатты Жанұя» қоғамдық қорының жетекшісі Гурина Марианна Юрьевна қатысқандығын ерекше атап өткізіміз келеді. Марианна Юрьевна «Үміт» балалар үйіндегі балалардың өмірі жайлы деректі фильм түсіруге арнайы келген. 
Іс-шара соңында, Максим Королев пен Владислав Лоскутов патриоттық әндер орындады.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив