БАҒЫ АШЫЛМАҒАН 21-ШІ ҚАДАМ

БАҒЫ АШЫЛМАҒАН 21-ШІ ҚАДАМ

 

2015 жылы мемлекет бес институциялық реформаны жүзеге асыруға 100 қадам анықтап, ұлттық жоспар қабылдап, оның жиырма бірінші қадамында алқабилер сотын қолдану аясын кеңейтуге, осы институт міндетті түрде қарайтын қылмыстарды заңмен бекіту  шешілген.

Сол кезде досым екеуміз, өздері туындатқан проблемаларды мемлекеттік қызметкерлер жеңе алар ма екен, сана өзгертетін осындай амбициялық жоспарды орындауға олардың ниеттері болар ма екен. Ниеттері болған жағдайда, шамалары жетер ме екен, деп күдіктенгенбіз. Нейрондары «дамыған социализм» жүйесін орнату кезінде қалыптасқан қызметкерлердің ұлттық жоспарды белгіленген көлемде орындау мүмкіндіктеріне шек келтіріп, тарасқанбыз. 

Уақыт өте келе, бұқаралық ақпарат құралдарыда осы жоспардың әр қадамының орындалу барысын хабарлап, кеңестік кездегі басшылардың бесжылдық жоспарды мерзімінен бұрын орындағаны  туралы баяндамаларды еске түсіргенімен, қоғамның дамуына біраз тер төгу керектігінде  еске салған. Мемлекетте, адам бас тұлға болады, алқабилер сотын қолдану аясы кеңейеді, озық отыз мемлекет қатарына қосыламыз, деген ойлар қалыптастыра бастаған.

Сонан бері өткен төрт жыл, мемлекеттік қызметкерлердің ыңғайлы креслоны, жылы кабинетті қалай сақтап қалу жолдарын  меңгергендерін  көрсетті. Жиырма бірінші қадамды жүзеге асыратын  жауаптылар өздері ұсынған нұсқаны Парламентте дәлелдеп, өз ойларын жүзеге асырды. Нәтижесінде, алқабилер сотын қолдану аясы бейбітшілік  уақытта қолданыссыз тұратын қылмыстық кодекстің баптарымен толықтырылды. Бұл жағдай, осы институттың қолдану аясының формальды түрде кеңейтілгенін, яғни қойылған мақсаттың да формальды түрде  орындалғанын көрсетеді деген сөз.            

Осындай жағдайдың қалыптасқанына еліміздің сот билігі  басшысының,  қылмыстық іс жүргізу заңын толықтырудан соң айтқан: алқабилер сотын қолдану аясын кеңейту туралы ойы, дәлел болады десем артық емес.   

Елімізде экономикалық нарық қалыптасқанымен, салық ретінде жиналған ақшадан қаржыланып отырған  соттар корпоративтік жазалу органдарына айналған секілді. Жергілікті соттардың айыптаушы қиянатына сенімді тосқауыл бола алмай отырғанына  қоғамда реніштің  бар екені де құпия емес.

Қоғамды бүгінгі деңгейден де жоғары дамытып,  еліміздің  өрлеп, көркейуіне жаңа технологиялар әкелініп, өндіріс саласында біраз жұмыстар атқарылғаны сөзсіз. Оны ешкім жоққа шығара алмайды.

Ал, сот саласына келсек, жақында жағдайды өзгертеміз, деген сөздермен қоғамды жұбату, азаматтардың туындаған сұрақтарын  уақытылы шешпей, әуре сарсаңға салу фактілеріне байланысты, осы мәртебелі органға деген сенімсіздіктің туындағаны, күнделікті өмірде көрініп ақ жүр.  Кейбір кезде, төрелік ететін сот емес, полиция мінезді мамандар дайындалғанба, деп қаласың.  Бір әзілқойдың,  «билік  өзіне не керек соны жасап жүр,  ол халыққа не керек соны жасау керек еді», деген  шымшымай сөздері бүгінде шындыққа айналған секілді, мемлекеттік қызметкерлер халықты тәрбиелеуге маман болып алды.     

Жиырма бірінші қадамда қойылған мақсаттың дәл орындалғаны, қоғамның  әділеттілікке деген сенімін нығайтып, сотқа деген көзқарасты өзгертуге себеп болар еді. Алайда, істелген іс нәтижесі ойлағандай болып шықпады. Мүдделілер, алқабилер сотымен қаралатын қылмыстар тізіміне  тыныш кезеңде қолданыла бермейтін баптарды қосып, тақырыпты  жылы күйінде жабуға қол жеткізді.  

 Бір ойландыратын нәрсе, ол алқабилер сотын қолдану аясын кеңейтуді жоспарлағандардың осы қадамды орындаушылармен жеңіл келісе салғандары. Алқабилер соты демократиялық принциптің нағыз қолданылатын орын екені, ал осындай сотта қаралатын қылмыстық істердің санын көбейтіп, аясын кеңейту, азаматтардың санасында әділдік туралы ой тудырып, ол, мемлекеттік органға деген сенімді  нығайтатыны, ескерусіз қалғаны түсініксіз. 

Бір өкініштісі, сот билігінің, алқабилер соты қолдануға енгізілгеннен бері «тәуелсіз» алқабилер алқасын тарату, қала берді оларды жауапқа тарту, олар қабылдаған шешімді жою, тәжірибе жинағаны болды. Алқабилерді таңдау процессі күрделі  деген сөздердің айтылуы, осы институтты сот органдары жақтырмайтынын көрсететін секілді. 

Солтүстіктегі орыс көршіміздің алқабилер санын азайту арқылы, осы институтты модернизациялау  тәжірибесін зерттеп, елімізде алқаби болуға үміткерлер санының жеткілікті екенін ескеріп, алқадағы алқабилер санын азайту арқылы, заман талабына сай институт құрылса, алқабилердің  жетіспеушілігі мәселесі жойылып, жұмсалатын қаржының азайуына да  әкелер еді, деген ой бар.   

Жиырма бірінші қадамның  мазмұнына қарайтын болсақ, осы институтты  қолдану аясын кеңейтуде кешігіп қалғанымыз көрініп тұр. Қоғамда болған кейбір жайттарға байланысты жөнсіз пікір таластар  туындап, әлеуметтік желілерде талқыға түсіп, негізделмеген проблемалар туындап жүргеніде осының нәтижесі болса керек.       

Еліміздегі сот билігінің басшылары, алқабилер соты демократияның барометрі ретінде, қате басылған тұяқтың тағдырын, қолданыстағы қылмыстық заң шеңберінде шешуге ауадай қажет институт екенінен бейхабар дегенге сену де өте қиын. Дегенмен, жасалған қылмыс бойынша алқабилердің шешім қабылдар кезде заңмен санаспайтыны, себебі, оларға дәлелдерді өздерінің сенімдері арқылы бағалау құқығы берілгені, шешімді тек қана ар-ұжданымен  қабылдайтыны,  сот билігіне  ұнамайтын шығар, деген күмән бар.

 Демократиялық принциптердің жоғары саналы қоғам мен құқықтық  мәдениеттің дамуына әкелетінін, ал осы жағдай қоғам мен мемлекеттік институттар арасында конструктивтік қарым қатынас тудыра алатынын, сот басшылары ескермей келеді, дер едім.  

         Экономикалық өсуге ықпалы тиген, ел байлығын еселеуге  белсене қатысқан қоғам, тек қана аса ауыр қылмыстар туралы істер қарайтын алқабилер соты аясын кеңейту емес, осымен қатар,  кейбір ауыр қылмыстар туралы істерді қарайтын, саны азайтылған алқабилер сотымен қарау аясын кеңейтугеде лайық, деген  дұрыс шығар. Арпаның диірменге, көмірдің пешке, пенденің пейішке баратынын ұмытпай, соған дұрыс жеткізетін есті заңның қабылданғаны, жөн емеспе ардақты ағайын.       

 

 

                                                                                  Т.Әленов

                                                        Нұр-Сұлтан қаласы адвокаттар алқасының мүшесі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив