БАЛАЛАРДЫ ЖАРАҚАТТАНУДАН ҚАЛАЙ САҚТАП ҚАЛАМЫЗ: НҰР-СУЛТАНДА ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ МЕН ҰСЫНЫСТАР КӨРСЕТІЛДІ

БАЛАЛАРДЫ ЖАРАҚАТТАНУДАН ҚАЛАЙ САҚТАП ҚАЛАМЫЗ: НҰР-СУЛТАНДА ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ МЕН ҰСЫНЫСТАР КӨРСЕТІЛДІ

2019 ж. 30 мамыры, Нұр-Сұлтан - Халықаралық балаларды қорғау күніне орай балалар жарақатының алдын алу бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел барысында балалар өздерінің кездейсоқ жарақаттану тәжірибесі туралы айтып, ересек адамдарды балаларға қауіпсіз ортаны қалай құру керек жайлы үйретудің маңыздылығына назар аударды.

«БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы конвенциясына сай баланың қауіпсіз ортада өмір сүру құқығы - бұл негізгі қағидалардың бірі», - деді БҰҰ-ның Балалар қорының (ЮНИСЕФ) Қазақстандағы өкілі Юрий Оксамитный. «Біз ЮНИСЕФ-те Қазақстандағы балалардың жарақаттану мәселесі алаңдатады. Күн сайын дерлік апаттар, өрттер, суға батып кету және терезеден құлау туралы жаңалықтарды естудеміз. Тек 2017 жылы ғана жарақаттардың салдарынан 27 мыңнан астам бала ауруханаға жатқызылды,  ал 1 283 бала жазым болды. Осы себепті біз Қоғамдық денсаулық сақтаудың ұлттық орталығымен, Электрондық денсаулық сауқтау орталығымен, статистика комитетімен бірге халықты ақпараттандыру және профилактикалық іс-шаралар жайлы мамандар мен ата-аналарды, балаларды оқыту мақсатында жұмыс жасаймыз. Біз басқа мемлекеттік органдарын, бизнес өкілдер мен ата-аналардың қауымдастықтарын да осы серіктестікке қосылуға шақырамыз».

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі  Қоғамдық денсаулық сақтау саясаты департаменті директорының орынбасары Зәуре Ахметова айтып кеткендей: «Қазақстанда жарақаттар, жазатайым оқиғалар және уланулар халық арасында өлім-жітім және мүгедектікке алып келетін басты себептердің бірі және жалпы өлім-жітім құрылымында 4-орынды иеленеді».

Жыл сайын республикада 600 мыңнан аса адам түрлі жарақаттар алып жатады, олардың ішінен 22%-ы балалар мен 14 жасқа дейінгі балалар. Балалар арасында оқыс жарақаттанудың алдын алуға бағытталған іс-шараларға тек Денсаулық сақтау министрлігі ғана емес, экономика, қоғам, БАҚ саласындағы барлық секторлар, әсіресе балалардың денсаулығына бірінші кезекте жауап беретін ата-аналар болып табылады.

«Біз балалар жарақатын барынша азайту, оның салдарынан болатын өлім мен мүгедектікті төмендету мақсатында жақын мерзімдік, орта мерзімдік және ұзақ мерзімдік келешекке әзірленген нақты іс-қимылдар жоспарымен жұмыс жасауымыз қажет. Бүгін республикадағы балалар жарақаттанушылығы бойынша ағымдағы жағдай мәселелерін, Қазақстанда балалар жарақатының алдын алу жөніндегі   ҚР заңнамасына және құқық қабылдаушы практикаға, стратегия мен іс-қимылдар жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселелерін  талқылауды ұсынамын», - деп өз сөзін қорытындылады Зәуре Ахметова.

Дөңгелек үстелге қатысушылар елімізде жарақаттанушылықпен байланысты болып жатқан ағымдағы жағдайды талқылап, халықаралық тәжірибемен және балалар жарақатын төмендетуге бағытталған Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы ұсынған стратегия жобасымен танысты.

ЮНИСЕФ және ДДҰ-ның жарақаттанушылық, денсаулық және қоршаған орта мәселелері жөніндегі халықаралық сарапшысы Джоан Винсентен Қазақстанның 8 өңірінде  0-14 жасқа дейінгі балалардың ата-аналары арасында ЮНИСЕФ өткізген сауалнаманың қорытындылары және ұсыныстарымен таныстырды, сондай-ақ, балалар жарақаттануының алдын алу бойынша алдағы 3 жылға қойылған қадамдары талқыланды.

Сауалнамаға сәйкес, 3000 отбасы, 84% қазақстандық ата-аналарға балаларды қауіп-қатерлерден қорғау қиынға түседі; 82% ата-аналар көбіне инфрақұрылым сапасыз жобаланған деп санайды; 80% ата-аналар заңнама жеткілікті деңгейде сақталмайды және қорғалмайды деп ойлайды, және қазақстандық ата-аналар балалар арасындағы жарақаттанушылықты төмендетуге ықпал ететін қағидалар мен нормалардың сақталуын қамтамасыз етуге мемлекет қолдау көрсетуі тиіс деп санайды.

Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар Қоры (ЮНИСЕФ) және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау орталығы дөңгелек үстелді ұйымдастырды.

 

Еске сала кетсек, балалардың оқаусыз жарақаттануын алдын-алу апталығы аясында жарақат алған балалармен және ата-аналар арасында фокус-топтар өткізілді; денсаулық сақтау, білім беру, әкімшілік полиция, төтенше жағдайлар, коммуналдық шаруашылық, ақпарат және мәдениет, әлеуметтік қорғау салаларындағы мамандарға семинар өткізіліп, сертификат берілді.

Балалардың оқаусыз жарақатуы жайлы зерттеудің толық нұсқасы.

ЮНИСЕФ туралы

ЮНИСЕФ әлемдегі ең қиын халге түскен балаларды қамту үшін әлемнің ең қауіпті жерлерінде жұмыс жасайды. 190 астам елде және аумақта біз әрбір бала үшін, барлық жерде баршаға арналған жақсырақ әлем құру үшін жұмыс жасаймыз. ЮНИСЕФ және оның жұмысы жайлы қосымша ақпараты сайттан көре аласыздар: https://www.unicef.org/kazakhstan

ЮНИСЕФ Қазақстанның Instagram, Facebook және Twitter әлеуметтік желілеріндегі парақшаларыңа жазылыңыздар.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

2 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив