ALECSO қазақ әдебиеті антологиясын араб тілінде басып шығару идеясын қолдады

ALECSO қазақ әдебиеті антологиясын араб тілінде басып шығару идеясын қолдады

Араб мемлекеттері лигасының Білім, ғылым және мәдениет ұйымы (ALECSO) заманауи қазақ әдебиетінің антологиясын араб тіліне аударып, басып шығару жобасын қолдауға дайын.

Бұл жөнінде Қазақстанның Мысырдағы Елшісі Арман Исағалиевпен кездесу барысында Ұйымның Каир қаласындағы ғылым мәдени жобаларының үйлестірушісі болып табылатын АМЛ Араб зерттеулер институтының басшылығы хабарлады. ALECSO кітаптарға өзінің логосын қою құқығын берумен қоса, оларды араб мемлекеттерінде үлестіруге қолдау көрсетуге дайындығын білдірді.

Мәлім болғандай, биыл ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы – «Рухани жаңғыру» бағдарламасының шеңберінде «Заманауи қазақ әдебиеті жаһандық әлемде» атты жобасы бойынша қазақстандық 60 ақын-жазушының таңдалған шығармалары БҰҰ-ның ресми алты тіліне аударылып, басылып шығады. Әрбір антологияның тиражы 10 мың данадан асып түседі.

Араб тіліне аударылған шығармалар жинағы 22 араб мемлекетіндегі 5 мыңнан астам ірі университеттерге, кітапханаларға және зерттеу орталықтарына таратылады.

ALECSO 1970 жылы 25 шілдеде Каир қаласында құрылған Араб мемлекеттері лигасының мекемесі болып табылады. Штаб-пәтері Тунисте орналасқан. Ұйымның мүшелерінің барлығы АМЛ-ға кіретін елдер болып табылады. ALECSO негізгі мақсаты – араб мемлекеттері арасында білім, ғылым және мәдениет салаларында бірлікке қол жеткізу, әлемдік дамуға үлес қосу үшін араб елдеріндегі мәдениет деңгейін көтеру болып табылады.

 

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің

баспасөз қызметі

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив