«Ғазиз Байтасов атындағы жол қозғалысының жас инспекторлары» атты 19-шы  қалалық слетінің баспасөз парағы

«Ғазиз Байтасов атындағы жол қозғалысының жас инспекторлары» атты 19-шы қалалық слетінің баспасөз парағы

Нұр-Сұлтан қаласы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасымен жол жүрісі қауіпсіздігі  мен балалардың жол-көлік оқиғалары кезінде алатын жарақаттарына ерекше көңіл бөлінеді. Жол қозғалысы қауіпсіздігін насихаттау – бұл  жол-қозғалысына қатысушылардың мінез-құлқын реттейтін жол-қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыздандыру мәселелері туралы заңдылықтарды, құқық нормаларын түсіндіру туралы білімдерін мақсатты түрде тарату болып табылады.

Балалар жол-қозғалысы жарақаттарын алдын-алудың ашық мысалы ретінде балалар мен жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтарды алдын-алу, олардың бойына көлік мәдениетін тәрбиелеу, ұйымдастырушылық,  кіші және орта жастағы балалардың Жол жүру ережелерін оқып үйренуіне көмектесу және оларға көшелер мен жолдарда қауіпсіз дағдыландыру жұмыстарын жетілдіру мақсатында оқушылардың ерікті бірлестіктері жатады.

Жол жүру ережелері бойынша алған білімдерін бекіту және балалар мен жасөспірімдердің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларын алдын-алу,  жол-көлік оқиғасының нәтижесіндегі балалар жарақаттарына қызығушы ведомстолардың, ұйымдар мен қоғамның назарын аударту мақсатында ағымдағы жылдың мамыр айының 22-ші жұлдызында Нұр-Сұлтан қ. №54 МЛ ғимаратында  Нұр-Сұлтан қ. ПД Жергілікті полиция қызметі  басқармасы, Әкімшілік полиция басқарамасы, Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасы, «СӨС» қалыптастыру орталығымен бірлесе отырып, Ғазиз Байтасов атындағы жол қозғалысының жас инспекторларының 19-шы қалалық слетін өткізді. Слетқа Нұр-Сұлтан қаласының жалпы білім беретін 12-ден астам жалпы білім беретін мектептердің 120-дан астам оқушылары қатысты.

Қалалық сайыстың қорытындысы бойынша 1 орынды және «Балдаурен» Республикалық оқу-сауықтыру лагеріне жолдаманы № 67 мектеп-гимназиясы иеленсе, 2 орынды № 64 мектеп-гимназиясы және 3 орынды №54мектеп-лицейі және №76 мектеп-гимназиясы иеленді.

Номинация байқаулары бойынша:

 «Саптық байқау» номинациясы бойынша Нұр-Сұлтан қаласының № 67 МГ;

«Үгіт бригада» номинациясы бойынша Нұр-Сұлтан қаласының № 64 МГ;

«ЖЖЕ білімпаздары» номинациясы бойынша Нұр-Сұлтан қаласының № 67 МГ;

«Жас реттеуші» номинациясы бойынша Нұр-Сұлтан қаласының № 64 МГ;

«Жас эрудит» номинациясы бойынша Нұр-Сұлтан қаласының № 54 МГ;

«Жас санитар» номинациясы бойынша Нұр-Сұлтан қаласының № 76 МГ;

«Қауіпсіз дөңгелек» номинациясы бойынша Нұр-Сұлтан қаласының № 66 МГ.

        

 

Нұр-Сұлтан қ. ІІД-нің Жергілікті полиция қызметі басқармасы

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив