Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіров 2018 жылғы өз қызметі туралы есебінің тұсау кесерін өткізді

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіров 2018 жылғы өз қызметі туралы есебінің тұсау кесерін өткізді

Нұр-сұлтан қаласында Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің елдегі адам құқықтарының ахуалы туралы жыл сайынғы есебінің тұсаукесері өтті.

Аталмыш құжат онымен қарастырылған шағымдар мен өтініштердің талдауын, мониторинг қызметінің нәтижелерін, сондай-ақ мемлекеттік органдармен, халықаралық және үкіметтік емес құқық қорғау ұйымдарымен өзара іс-қимылын білдіреді.

Омбудсмен есептік жылы денсаулық сақтау, азаматтардың тұрғын үй құқықтарын қорғау, балалар мен қоғамдағы басқа осал топтардың құқықтарын қамтамасыз ету, құқық қорғау және сот жүйесін реформалау басым бағыттарының бірі екенін атап өтті.

2018 жылы Адам құқықтары жөніндегі уәкілге 1811 азамат олардың құқықтарының бұзылуы туралы шағымдарымен жүгінген. Өтініштердің басым бөлігі Астана және Алматы қалаларынан, Ақмола, Қарағанды, Қостанай облыстарынан келіп түсті.

Мемлекеттік, оның ішінде құқық қорғау органдарының лауазымды тұлғаларының іс-әрекеттеріне және әрекетсіздігіне (28%), сот шешімдерімен келіспеу (26%), әлеуметтік құқықтардың бұзылуы (17,5%) шағымдардың көрсеткіштері жоғары болып қалып отыр.

Адам құқықтарының өзекті мәселелері бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар Омбудсменнің Үкіметке, Жоғарғы Сотқа, Бас прокуратураға және басқа да мемлекеттік органдарына жіберген үндеулерінде көрініс тапты.

Жоғарыда аталған ұсынымдарға жеке мемлекеттік органдардың уақтылы және сындарлы түрде жауап бермеуі, осы мәселе бойынша тікелей Премьер-Министрге жүгінуге себеп болды. Тұтастай алғанда, ұлттық құқық қорғау мекемесінің Үкіметпен өзара іс-қимылының тиімділігі оң бағаланды.

Тұсаукесер барысында адам құқықтары мәселелері бойынша жан-жақты пікір алмасылды, бұл мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам арасындағы диалогты дамытуға ықпал етті.

Жыл сайынғы есеп бұдан ертерек Мемлекет басшысының қарауына ұсынылды, оның қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға қажетті шаралар қабылдау үшін тиісті тапсырмалар берілді.

Жалпы тұсаукесер қатысушылары 2018 жылғы Омбудсмен мекемесінің қызметіне оң баға беріп, адам құқықтарын бақылауда маңызды рөлі, азаматтардың конституциялық құқықтарын іске асыруға, адам құқықтары саласындағы халықаралық нормалар мен стандарттарды имплементациялаудағы қосқан үлесі және ықпалы атап өтілді.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, мемлекеттік органдардың, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың, академиялық ортаның және Қазақстанда тіркелген дипломатиялық корпустың өкілдері қатысты.

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2018 жылғы қызметі туралы есептің толық нұсқасымен мекеменің ресми сайтынан танысуға болады: www.ombudsman.kz.

 

ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл аппаратының

баспасөз қызметі

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив