ДСК: шетелдік медициналық маманның қабылдауына жазылар алдында осы шетелдік маманның маман сертификатының (рұқсатының) бар- жоғына көз жеткізіңіз.

ДСК: шетелдік медициналық маманның қабылдауына жазылар алдында осы шетелдік маманның маман сертификатының (рұқсатының) бар- жоғына көз жеткізіңіз.

Соңғы уақытта бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде шетелдік мамандардың (дәрігерлердің) медициналық қызмет көрсетуі туралы хабарландырулар орналастырылады.

Елімізде халыққа медициналық қызмет көрсетуді жоспарлаған (мастер-класстар, консультациялар, операциялық араласулар және т.б.) барлық шетелдік мамандар (дәрігерлер) Қазақстан Республикасының денсалық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес шетелдік мамандарды клиникалық практика жіберу үшін рұқсат (маман сертификатын) алулары тиіс.

Шетелдік мамандардың (дәрігерлер) маман сертификатын алу тәртібі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 18 қыркүйектегі № 733 бұйрығымен бекітілген Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық холдингте және оның еншiлес ұйымдарында, сондай-ақ «Назарбаев Университетінде» немесе оның медициналық ұйымдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасының медициналық ұйымдарында кәсіптік медициналық қызметті жүзеге асыруға шақырылған адамдарды қоспағанда, шетелдік мамандарды клиникалық практикаға жіберу қағидаларымен реттелген.

Алаяқтықты, сондай-ақ емдеудің жағымсыз салдарларын болдырмау үшін шетелдік маманның (дәрігердің) қабылдауына жазылар алдында осы маманның тиісті мамандық бойынша маман сертификатының бар-жоғына көз жеткізу қажет.

Анықтама: 2018 жылы республика бойынша шетел мамандарына (дәрігерлерге) 306, 2019 жылдың 1 тоқсанында клиникалық практикаға жіберу үшін 73 маман сертификаты берілді.

Маман сертификатын беру мерзімін және қажетті құжаттар санын қысқарту бөлігінде шетелдік мамандарға маман сертификатын беру рәсімін оңтайландыру бойынша шаралар қабылданғанын, сондай-ақ маман сертификатын беру туралы өтінішті қағаз түрінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы немесе электрондық түрде «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы беруге болатынын атап өту қажет.

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының жаңа кодексінің жобасы шеңберінде клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификаты жоқ шетелдік маманның медициналық көмек көрсеткені үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

Шетелдік маманның (дәрігердің) маман сертификатының бар-жоғы бойынша ақпаратты ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің интернет-ресурсынан («Аумақтық департаменттер» бөлімінде), сондай-ақ келесі телефондар арқылы алуға болады:

Ақмола облысының қоғамдық денсаулық сақтау департаменті

8 (7162) 26-56-01

Ақтөбе облысының қоғамдық денсаулық сақтау департаменті

8 (7132) 55-75-96

Алматы облысының қоғамдық денсаулық сақтау департаменті

8 (7282) 39-00-63

Атырау облысының қоғамдық денсаулық сақтау департаменті

8 (2172) 32-12-16

Шығыс Қазақстан облысының қоғамдық денсаулық сақтау департаменті

8 (7232) 76-73-33

Жамбыл облысының қоғамдық денсаулық сақтау департаменті

8 (7262) 54-66-47

Батыс Қазақстан облысының қоғамдық денсаулық сақтау департаменті

8 (7112) 51-17-25

Қарағанды облысының қоғамдық денсаулық сақтау департаменті

8 (7212) 50-78-74

Қостанай облысының қоғамдық денсаулық сақтау департаменті

8 (7142) 39-73-10

Қызылорда облысының қоғамдық денсаулық сақтау департаменті

8 (7242) 23-11-45

Маңғыстау облысының қоғамдық денсаулық сақтау департаменті

8 (7292) 50-85-65

Павлодар облысының қоғамдық денсаулық сақтау департаменті

8 (7182) 55-18-82

Солтүстік Қазақстан облысының қоғамдық денсаулық сақтау департаменті

8 (7152) 52-14-36

Түркістан облысының қоғамдық денсаулық сақтау департаменті

8 (725-33) 6-36-69

Шымкент қаласының қоғамдық денсаулық сақтау департаменті

8 (7252) 27-12-47

Алматы қаласының қоғамдық денсаулық сақтау департаменті

8 (727) 382-36-39

Астана қаласының қоғамдық денсаулық сақтау департаменті

8 (7172) 31-60-50

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив