Елорда полицейлері «Таза қала» ЖАІШ өткізуде

Елорда полицейлері «Таза қала» ЖАІШ өткізуде

Нұр-сұлтан қаласының полицейлері санитарлық жағдайды жақсарту және көше-жол желілеріндегі тазалықты қамтамасыз ету мақсатында 25-30 сәуір аралығында кең масштабты «Таза қала» алдын алу іс-шарасын өткізуде.

Аталған іс-шара жүк көлік құралдары жүргізушілерінің жол жүрісі қағидасын бұзуына, яғни көлік құралдарын техникалық байқаудан уақтылы өткізбеуіне және техникалық ақауы бар көлік құралдарын пайдалануға шығаруына бақылауды күшейтуге бағытталған.

Осы орайда, 25-26  сәуір аралығында көлік құралдарын пайдалану қағидасын бұзғаны үшін (ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы) мемлекеттік нөмірлерін алып қою арқылы 359 көлік құралын пайдалануға тыйым салынды, 35 көлік құралы коммуналдық тұраққа орналастырылды. Әкімшілік полиция басқармасы қызметкерлері ҚР ӘҚБтК-нің 617-бабы (Техникалық ақаулары бар көлiк құралдарын пайдалануға шығару және пайдалану қағидаларын өзге де бұзушылықтар) бойынша 10 лауазымды тұлғаны әкімшілік жауаптылыққа тартты.  

Сонымен қатар инертті материалдарды және бетондарды тасымалдаған кезде жапқыштарды пайдаланбауға қатысты бұзушылықтарға жол  бермеу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жүріс бөлігіне батпақ-топырақты алып шыққаны үшін 100-ден астам жүргізуші жауаптылыққа тартылды.

Сондай-ақ аудандық әкімдіктермен бірлесіп құрылыс алаңдары оларда мамандандырылған техникалардың дөңгелектерін жуу пункттерінің бар-жоғына тексеріліп, нәтижесі бойынша түрлі ұйымдардың басшыларына 25 хабарлама берілді.

 

Нұр-Сұлтан қаласы ПД баспасөз қызметі

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив