АИТВ-ның алдын алу!

АИТВ-ның алдын алу!

 

Қазіргі таңда АИТВ инфекциясы дүниежүзілік проблемалардың біріне айналды. Соңғы статистикаға жүгінсек, бұл инфекциямен 40 млн. астам адам өмір сүреді. АИТВ – мен өмір сүретін адамдардың басым көпшілігі Оңтүстік Африканың тұрғындары медициналық көмектің сапасы төменділігі және адамдардың сауатсыздығы, осындай инфекцияның қарқынды таралуына алып келді.

Біздің елде АИТВ-ның ең алғашқы оқиғасы 1987 жылы тіркелген. Қазіргі уақытта Қазақстанда АИТВ-ның таралуы 0,1% тең, басқа мемлекеттерге қарағанда әлде төмен көрсеткіш.

Жұғу жолдары. АИТВ-ның қазіргі кезде дәлелденген негізгі жұғу жолдары мынадай: жыныстық қатынас; инъекциялық (көбінесе есірткі пайдаланғанда), АИТВ жұқтырған анадан нәрестеге жүғу арқылы.

Жыныстық жол негізгі жұғу жолы болып табылады. АИТВ адамдарға 50-60% жағдайында осы жолмен, яғни гетеросексуалдық (еркек-әйел) және гомосексуалдық (еркек-еркек) жыныстық қатынас кезінде жұғады. Ең қауіптісі — гомосексуалдық жыныстық қатынас, себебі партнерлердің жыныс мүшелерінің терісі, шырышты қабатының жарақаттануы жиі болады. Жұқтыру каупі активті және пассивті гомосексуалистерде бірдей дәрежеде болады. Қатерлі топқа секс қызметкерлері де жатады. Партнерлердің жиі ауысуы да АИТВ жұқтыру мүмкіндігін күшейтеді.АИТВ-мен науқастанушылық бел алған елдерден келген азаматтармен жыныстық қатынаста болу әсіресе қауіпті.

АИТВ-ның вирусы қанға бірден түсуі арқылы жұғуы қазіргі кезде ерекше аландаушылық туғызып отыр. Тамырға есірткі енгізгенде ортақ инелі шприцті пайдаланатын нашақорлардың саны көбейіп келеді. Әрине, қолданатын инелерін олар тиісті өңдеуден өткізбейді. Егерде ЖИТС-пен науқастанған немесе вирус тасымалдаушы нашақорлар қауымына қосылса, вирус оның инедегі қанының қалдығымен сау адамның ағзасына түседі. Вирус адам қанына әртүрлі медициналық залалсыздандырудан өтпеген құралдар және тату, пирсинг жасаған уақытта енуі мүмкін.

АИТВ вирусының үшінші жұғу жолы — анасынан нәрестеге. АИТВ жүққан әйелдерден туған балалардың 45% жағдайда вирус осындай жолмен жұғуы мүмкін болды. Егер де анасы нашақор немесе секс қызметкері болса, нәрестеге вирус жұғу қаупі бірнеше есе артады. Вирус нәрестеге босану кезінде, жүктілік кезінде, анасының емшек сүті арқылы жұғуы мүмкін.

АИТВ шаңмен, ауа-тамшылы, тұрмыстық жолмен жұқпайтыны толық анықталған. Яғни адамдар сүйіскенде, сөйлескенде, түшкіргенде, жөтелгенде, қол алысқанда, ортақ дәретхананы, ваннаны, душты, бассейнді пайдаланғанда, сондай-ақ тағамдар мен ыдыстар арқылы АИТВ вирусы жұқпайды. Сырт киімдерді алмастырып кигенде, тіпті бір төсекте жатып ұйықтаған кезде де АИТВ вирусың жұғу қаупі жоқ.

Басты сақтану жолдары:

  • Салауатты өмір салтын ұстану
  • Кездейсоқ жыныстық қатынастардан бас тарту
  • Стерильді шприцтер қолдану
  • Мүшеқапты дұрыс пайдалана білу
  • Маникюр, педикюр жасайтын құралдардың тазалығына көңіл аудару
  • АИТВ-ға тексерістен өту

 

Біздің мекен-жайымыз Нұр-Сұлтан қаласы, Есенберлин көшесі 5/1

тел:27-95-04, 38-04-64

 

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің«ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығы» МКҚК Алдын алу бөлімінің  меңгерушісі Мухамедиев Алмаз Муратбекович

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

5 пікір

  1. аватар
    Johnette 12 января 2024 16:26

    I do not even know how I ended up here, but I thought this post was great.
    I don't know who you are but definitely you're going to a
    famous blogger if you are not already ;) Cheers!

    Review my site - Arnold

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив