Түркістан облысында өгей анасының балаларды жәбірлеу фактісі бойынша

Түркістан облысында өгей анасының балаларды жәбірлеу фактісі бойынша

Түркістан облысында ауыл мектебінің мұғалімдері оқушылардың денелерінде ісіктер мен ұрып-соғудың іздерін байқап, полиция қызметкерлерін шақырған, кейін АІІБ-і тарапынан қылмыстық іс қозғалған. Балаларды жәбірлеген әйел бірден полицияға жеткізілді.  Өгей анасы балаларын ұрып-соққан, денелерінде пышақ іздері бар.  Аталған іс Ішкі істер министрлігі, Бас прокуратура, Білім және ғылым Министрлігі тарапынан бақылауға алынып отыр. Аталмыш факті бойынша тексеру жұмыстары жүргізілуде.

         Осы орайда Білім және ғылым министрі К.Н.Шамшидинованың тапсырмасымен Түркістан облысына министрдің кеңесшісі Раиса Шер жедел түрде бағытталды.

         Түркістан облыстық білім басқармасының ақпаратына сәйкес соққыға жығылған оқушы үйіне жіберілмей, туған апасына жеткізіліп, қазіргі таңда толық қауіпсіздікте.   

Бүгінгі таңда 140-баптың 2-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, іс сотқа жіберілгендігі, сонымен қатар қамаққа алу түріндегі жазаны орындау бойынша шара қолданылғаны белгілі болды. Ата-ана құқығынан тек өгей анасын ғана емес, сондай-ақ әкесін де айыру жөніндегі сұрақ қарастырылуда.

 

ҚР БҒМ баспасөз қызметі.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив