Халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық: инновациялық дәрілер және пациенттерді ауқымды қамту

Халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық: инновациялық дәрілер және пациенттерді ауқымды қамту

 

ЖИТС жұқтырған пациенттерді тегін дәрілік қамсыздандыруды үш, С вирустық гепатитімен сырқаттанған пациенттерді 4,5-ке дейін арттыру ЮНИСЕФ және БҰҰДБ-мен ынтымақтастықтың нәтижесінде мүмкін болды. Ал халықаралық STOP TB ұйымымен серіктестік 2019 жылы қазақстандық пациенттерге көпшілік дәрілік тұрақтылықпен емдеу үшін инновациялық препараттарға мүмкіндік ашады.

«Туберкулезді тоқтату» қорымен шарт алғаш рет жасалды. Шарт аясында, тіпті туберкулезді емдеуге дәстүрлі қолданатын препараттарға төзімділігі бар пациенттер үшін тиімді Деламанид және Бедаквилин препараттары сатып алынатын болады. Барлығы 1 млрд. теңгеге дәрілер сатып алуды, ал емдеуге 2,5 мың пациентті қамтуды жоспарлайды.

Дистрибьютордың халықаралық ұйымдармен дәрілік қамсыздандыру аясында тығыз ынтымақтастықта болуы 2016 жылдан басталды. Сонда, ЖИТС жұқтырған пациенттерді ЮНИСЕФ тұғырнамасы арқылы емдеу үшін антиретровирустық препараттарды сатып алу кезінде бағаның айтарлықтай төмендеуі нәтижесінде ЖИТС жұқтырған пациенттерді 6-дан 18 мыңға дейін дәрілік қамсыздандыруды қамтуды арттыру мүмкіндігі туды. Кейінгі жылдары ынтымақтастық аясында ЮНИСЕФ арқылы сатып алынатын АРВ-препараттар тізімін үлкейту, сондай-ақ оларды вакциналармен толықтыру сәтті болды.

1 ақпан 2018 жылы бірыңғай дистрибьютор мен БҰҰДБ арасында С гепатиті бар қазақстандық пациенттерді софосбувир және даклатасвир препараттарымен  заманауи және тиімді емдеумен қамтамасыз етуге мүмкіндік берген шартқа қол қойылған болатын. Осындай емдеудің нәтижелері бойынша емделіп шығу 95%-ды құрайды. Сонымен, препараттарды БҰҰДБ тұғырнамасы арқылы сатып алу препараттардың құнының 10 есеге төмендеуіне және осы науқас бойынша қазіргі сәтте диспансерлік есепте тұрған барлық пациенттерді емдеуді қамтуға мүмкіндік берді. 2019 жылы БҰҰ Даму бағдарламасымен ынтымақтастықты арттыру жоспарлануда.

 

        

        

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив