«Тілектер шыршасы» 400-ге жуық баланың тілегін орындады

«Тілектер шыршасы» 400-ге жуық баланың тілегін орындады

 

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорацияның бастамасымен өткізілген «Тілектер шыршасы» акциясы өз мәресіне жетті. Шара еліміздің барлық облыс орталығы мен Алматы, Шымкент, Астана қалаларындағы ХҚО-да өткізілді.

         Бүгін Астана қаласының «Elektrondyq qyzmet ortalyǵynda» республикалық «Тілектер шыршасы» акциясының қорытынды мерекелік шарасы өтті. Жаңа жыл қарсаңында мемлекеттік корпорацияның қолға алған акциясы аясында ХҚО-да «Тілектер шыршасы» орнатылып, оған аз қамтылған отбасынан шыққан балалардың Аяз атаға жазған тілек хаттары ілінді. Бүлдіршіндердің бұл ізгі тілектерін корпорация қызметкерлері мен өзге де жанашыр жандар бей-жай қалдырмай, қалауларын орындап, шат-шадыман күйге бөледі.

         «Тілектер шыршасы» акциясын биыл барлық аймақтағы фронт-офис қолдады. Республика көлемінде өткізілген бұл шара аясында 368 баланың тілектері орындалды. Корпорация қызметкерлері оған бір адамдай атсалысып, жомарт жандар да өз үлестерін қосты. Бала тілегін орындау – олардың таңғжайыптарға деген сенімін арттырып, жүректеріне мейірім мен жылу ұялатады», – дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасы Аблайхан Оспанов.

          Шыршаға тілек жазушы балалар аймақтардағы әкімдіктер мен қайырымдылық қорларының ұсынысымен таңдап алынған. Әр шыршаға ілінген тілек хаттардағы балалардың қалаулары әртүрлі. Әдеткі ойыншықтардан бөлек, бүлдіршіндер сыртқы киім мен аяқ-киім сұратқан. Мысалы, болашақта танымал спортшы болуды қалайтын 12 жасар Сұңғат хатында спорттық аяқ-киім туралы жазыпты, ал шымкенттік 10 жасар Нұрсұлтан хандар тарихы туралы кітап сұратқан.

          «Тілектер шыршасы» акциясын қолдаған мейірімді жандар көп, олардың ішінде танымал спортшылар мен әншілер де бар. Атап айтқанда, «Барыс» хоккей командасының ойыншысы Дамир Рыспаев, боксшы Қанат Ислам, актер Фархад Әбдірайымов, әнші Роман Майғазиев балаларға өз сыйлықтарын сыйлап, бүлдіршіндердің армандарын орындады.

 

«Азаматтарға арналған үкімет»

мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ

Баспасөз қызметі

       

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

1 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив