ҚОҒАМНЫҢ БОЛАШАҒЫ – ЖАСТАРДЫҢ ҚОЛЫНДА

ҚОҒАМНЫҢ БОЛАШАҒЫ – ЖАСТАРДЫҢ ҚОЛЫНДА

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым минстрлігі мен «Ел – Шежіре» қоғамдық қоры ұйымдастырып отырған «Жалпыреспубликалық «100 идея» Бағдарламасы ұйымдастырушылардың ойынша негізінен жастар арасында олардың жеке бәсекелестікке қабілеттілігін арттыруға және білімге деген құштарлықтарын қалыптастыруға бағытталып, 2018 –ші жылдың қыркүйек – желтоқсан айларында өткізілмек болып белгіленген.

Онда «Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар – рухани жаңғыру» атты мақаласынан кейін мемлекеттік деңгейде қабылданған «Рухани жаңғыру» Бағдарламасындағы шараларды нақты түрде іске асыруға жастарды қалай тартуға болады болады деген ойға орай, төмендегі бағыттар бойынша ғылыми-ізденіс жолдарын қарастыру көзделген. Соның ішінде: инновациялық қызметті белсендіруге, жастардың тәжірибелік көзқарастарын және қоғамдағы маңыздылығын білдіретін инновациялық идеяларын анықтауға және енгізуге бағытталған «Студенттердің 100 үздік идеясы» республикалық конкурсын өткізу; қоғамдық ұйымдар мен жастардың бастамаларын жинау және тал-дау үшін «100 үздік идея» арнайы сайтын әзірлеу; тақырыптық «дөңгелек үстелдер», дәрістер (лекциялар), көрмелер, салтанатты жиналыстар циклық өткізу; әлеуметтік-маңызды жобаларға қолдау көрсету үшін әлеуетті инве-сторлардың, меценаттар мен демеушілердің назарларын аудару; өңірлік және республикалық БАҚ-қа ақпарат тарату.

Турасын айтатын болсақ, Президент Нұрсұлтын Назарбаевтың қазақ халықына деген жыл сайынғы Жолдаулары болсын, бағдарламалық жүйеде айтылған мақалары болсын, олар, біздің ойымызша, тікелей айтылмаса да, қоғамның өсіп келе жатқан жас буындарына қарап айтылғандай. Мысалы, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында астын сыза айтылған Елбасының  «кәсібін неғұрлым қиналмай, жеңіл өзгертуге қабілетті, аса білгір адамдар ғана табысқа жетеді»; «жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында  тұруы шарт»; «ұлтымызға адам айтқысыз демографиялық соққы жасалды»; «эволюциялық даму ғана тұлттың өркендеіне мүмкіндік береді»; «біздің әлеуметтік және гуманитарлық біліміміз ұзақ жылдар бойы бір ғана ілімнің аясында шектеліп, дүниеге бір ғана көзқарас қалыптасты» - дей келе  «мен ...әсіресе,  жас ұрпақ жаңғыру жөніндегі ұсыныстардың маңызын терең түсінеді деп сенемін» деген оймен сөздерін аяқтауының соңында - бар үміт енді жастарда дегенмен пара-пар.

Осы жолдарды жазуға енді кірісіп жатқан уақытта қоғам назары Нұрсүлтан Назарбаевтың жаңа «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласына ауды. Қазақстан Республикасы Президенті  Нұрсұлтан Назарбаевтың осы жолғы жарық көріп отырған мақаласы Елім деп отырған ойшыл адамның терең толғаулары деп айтсам – бұл артықшылық емес болар. Шындығына келген уақытта, «Ұлы Даланың жеті қыры» деген атауменен еліне жетіп отырған Елбасының бұл жолғы көкейтесті ойларының тереңге кетіп жатқан түп-тамырларында, біздің ойымызша, үлкен себептер жатыр. Бір кездері «Кез келген мәдениеттің, кез келген өркениет пен дүниетанымның өмір сүруге және өзінің қастерлі көзқарас болуына деген заңды құқығы бар. Бұл – адамзат тарихының барысы айқындаған болмыс. Онымен санасу керек» - деп келген Президент Н.Назарбаевтың Ұлы қазақ даласына тән көптеген көріністердің ішінен ЖЕТЕУІН таңдап алып, оларға ерекше тоқталуы кез-келген оқырманға бірнеше тұрғыдан әсер етіп отырғаны да даусыз.

 Алғашқсында қөпке белгілі тарихи фактілерді қайталау секілді көрінген мақаланың соңында да үлкен жорамал тұр.Қысқаша айтұан уақытта, кешегі көне бабаларымыздың кереметтіктерінің арқасында Көне Далада қалыптасқан Атқа міну мәдениетінің, Ұлы даладағы ежелгі металлургияның, Алтын адамның, Түркі әлемінің ошағына айнала білген Ұлы даланың, Ұлы Жібек жолының, алма мен қызғалдақтың ешқашанда сырттан келмеген, «керісінше, көпшілігі осы кең байтақ өлкеде пайда болып, содан кейін Батыс пен Шығысқа, Күнгей мен Теріскейге нах көне қазақ даласына орын алып, әлемге таралуының әлемдік үлесі – тек сол саладағы ғана емес, адамзаттың жаңа тұрғыдан жаңғыруының бастамасы деп түсіну керек.

Ендеше, Білім мен ғылым минитрлігі және «Ел – Шежіре» қоғамдық қоры ұйымдастырып отырған «Жалпыреспубликалық «100 идея» Бағдарламасының маңыздылығы мен өзектілігі жастарды көне бабаларынан үлгі алып, бүгінгі Қазақстанды әлемдік деңгейдегі жетістіктерге бастауға бет алдыру.

Жоба шеңберінде 2018 жылғы 10 қыркүйек пен 2018 жылғы 20 қараша аралығында арнайы сайтқа өтінімдер мен жасалған жобалар келіп түсе бастауға тиіс. Мен соған сенемін                                                                                                                                                                                                                                            Амангелді Қашқымбаев                                                                                                            Эксперттер кеңесінің мүшесі Мемлекет тарихы институның директорының орынбасары

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив