Ел тарихында алғаш рет Халықаралық ақпараттық технологиялар Университетінің (МУИТ) студенттік IT командасы жеті дүркін Әлем Чемпионы  Санкт-Петербург қаласындағы ұлттық зерттеу ақпараттық технологиялар

Ел тарихында алғаш рет Халықаралық ақпараттық технологиялар Университетінің (МУИТ) студенттік IT командасы жеті дүркін Әлем Чемпионы Санкт-Петербург қаласындағы ұлттық зерттеу ақпараттық технологиялар

Үстіміздегі жылғы 2 желтоқсанда Санкт-Петербург, Барнаул, Алматы, Тбилиси қалаларында бір уақытта Northern Eurasia (Солтүстік Евразия) өңіріндегі студенттік командалар арасында бағдарламалау бойынша халықаралық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті. Финалға ТМД елдерінің 318 командасы қатысты. Құрамына Темірлан Сатылханов, Абай Баймұқанова, Айбар Куанышбай кірген Халықаралық ақпараттық технологиялар Университетінің (МУИТ) командасы 13 есептің 8-ін шығарып, ТМД елдері арасында жүлделі 4 орынды, Қазақстан бойынша 1 орынды иеленіп, алтын медальға қол жеткізді. Ендігі кезекте қазақстандық команда 2019 жылғы сәуір айында өтетін әлемдік финалға жолдама алды.  

«Бұл университетіміздің 2018 жылғы ең үлкен жеңісі. Біз мұндай көрсеткішке 6 жыл көлемінде қол жеткізе алмап едік. Ендігі кезекте ел тарихында алғаш рет әлемдік чемпионатта үздіктер қатарынан көрінеміз деген үміт бар бізде. Бұл жолы Халықаралық ақпараттық технологиялар Университетінің (МУИТ) студенттік IT командасы жеті дүркін Әлем Чемпионы Санкт-Петербург қаласындағы ұлттық зерттеу ақпараттық технологиялар, механика және оптика университетінен (ИТМО) озып, халықаралық дәрежеде үздіктер қатарынан көрінді. Бұл өте жақсы көрсеткіш» - дейді Халықаралық ақпараттық технологиялар Университетінің ректоры Дамир Шыныбеков. Қорытынды жекпе жекте 7 есепті шығарған ҚБТУ командасы да жақсы өнер көрсетіп, ТМД елдері бойынша 14 орынды иеленіп, Қазақстан бойынша 2 орында тұрақтады. Ал, 4 есепті шешкен Назарбаев Университетінің командасы ТМД елдері бойынша 81 орынды, Қазақстан бойынша 3 орынды иеленді.  

Ендігі кезекте МУИТ командасының көрсеткіштері ТМД өңірінде соңғы 5 жылдағы ең үздік деп танылып отыр. ЖОО жеңісі – Қазақстан үшін үлкен жетістік, өйткені ел тарихында бірде бір команда Солтүстік Еуразия өңірінде мұндай көрсеткішке қол жеткізбеген болатын. Университет ректорының паймдауынша, «олимпиадалық қозғалыс – дарынды жастар үшін бағдарламалау бойынша өте маңызды бағыт. Олипиада әлемнің үздік компанияларына жұмысқа тұру барысында студенттер үшін таптырмас мүмкіндік. Olympic Training Center түектері мен ACM ICPC қатысушылары бүгінгі таңда  Google, Facebook, Booking компанияларында жұмыс істейді».

Олимпиадалық қозғалыс Қазақстанда 2000 жылдары басталған болатын. Сол уақыттан бері еліміз жақсы көрсеткіштер көрсетіп, жартылай финалдардан көрініп жүрді. МУИТ, ҚБТУ, СДУ, НУ сынды оқу орындарында командаларды халықаралық олимпиадаларға дайындайтын арнайы орталықтар ашыла бастады. 2012 жылы Қазақстан-Британ Техникалық университеті халықаралық олимпиадада 16 орынды иеленген кезде еліміздің жеңіске деген алғашқы қадамдары жасалды. ҚБТУ сол жылдары Princeton University (26 орын) и Carnegie Mellon University (33 орын) сынды әлемнің үздік университеттерінен асып түскен болатын. 2014 жылы Халықаралық ақпараттық технологиялар Университетінің (МУИТ) командасы 19 орында тұрақтап, әлемнің алдыңғы қатарлы Massachusetts Institute of Technology, University of Cambridge, Мәскеулік физика-техникалық институт, Carnegie Mellon University сынды IT университеттерінен озып, 20 үздік командалар қатарынан көрінген болатын.  

 

ҚР БҒМ баспасөз қызметі.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

1 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив