Павлодарда Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің 215 салымшысы пәтерлі болды

Павлодарда Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің 215 салымшысы пәтерлі болды

 

Тұңғыш Президент күні қарсаңында Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов пен Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) облыстық филиалының директоры Талғат Байылов баспаналы болған тұрғындарды жеке құттықтады.

Жаңа үйлер Павлодарда «Нұрлы жер» бағдарламасының аясында салынған. 1 шаршы метрінің бағасы – 121 000 теңге. Бұл қаладағы орташа нарықтық бағадан айтарлықтай төмен. Пәтерлер аумағы 40-84 шаршы метр аралығында.

Мемлекеттік бағдарламаға қатысу үшін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі шотта үй бағасының 20%-на тең қаражат болса жеткілікті. Таза әрлеудегі бір бөлмелі пәтер құны 5 млн теңге деп алсақ, оны сатып алу үшін салымшыға 1 000 000 теңге жинау керек. Осыдан кейін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі жылдық мөлшерлемесі 5% болатын заем ұсынады.

- Мемлекеттің қолдауы мен «Нұрлы жер» бағдарламасының арқасында жыл соңына дейін тағы 288 салымшы Павлодарда қоныс тойын атап өтетін болады. Бұған қоса біз 650 пәтер бойынша пулға сатып алушыларды қабылдау жариялайтын боламыз. Сондықтан бірнеше жыл бойы тұрақты түрде табысының бір бөлігін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне жинап келе жатқан тұрғындар жақын арада міндетті түрде пәтерлі болады, - деп түсіндіріп өтті банктің Павлодар облыстық филиалының директоры Талған Байылов.

Мемлекеттік бағдарлама үйлері жеңілдетілген шарттармен берілетіндіктен, үміткерлерге қойылатын белгілі бір талаптар бар. Ол:

- ҚР азаматы немесе оралман мәртебесіне ие болуы.

- өтініш берушіде және оның отбасы мүшелерінде соңғы 5 жыл ішінде Қазақстан Республикасының аумағында жеке меншік үйінің болмауы.

- тіркеуде тұру.

- төлем қабілеттілігін растай алуы.

Павлодар облысындағы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшылары мемлекетті бағдарламадан бөлек «Өз үйім» бағдарламасы бойынша баспана алады. Пәтерлер Генерал Дүйсенов атындағы көше мен «Сарыарқа» ықшамауданының тоғызыншы кварталындағы екі бірдей тұрғын үй кешенінде сатылып жатыр. Таза әрлеудегі үйлердің бір шаршы метрі бағасы 140 000-165 000 теңге аралығында. Жалпы алғанда 2019 жылдың наурыз айында екі нысан бойынша 216 пәтер пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. «Өз үйім» бағдарламасына қатысу арқылы аталған пәтерлерді Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің кез келген клиенті сатып ала алады. Бұл – бағдарламаның артықшылығы. Салымшының атында тұрғын үй болу-болмау керектігі туралы ешқандай талап қойылмайды.

«Нұрлы жер» және «Өз үйім» бағдарламалр аясында салынып жатқан барлық нысандар туралы ақпаратты baspana.kz порталынан, сондай-ақ «ЖССБ24» интернет-банкингіндегі жеке кабинет пен банк филиалының әлеуметтік желілердегі парақшаларынан білуге болады.

Қазіргі уақытта Павлодар облысының әрбір 13-тұрғыны, яғни 55 000 адам Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде баспаналы боламыз деп ақша жинап жатыр. 2018 жылдың басынан бері Павлодар облыстық филиалының қызметкерлері 2,5 мыңнан астам заем берді.

 

***

 «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ — еліміздегі тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін жүзеге асыратын бірден-бір банк. Ұйым Еуропалық құрылыс жинақ кассалары федерациясына (ЕҚЖКФ) және Халықаралық тұрғын үйді қаржыландыру одағына кіреді. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің жалғыз акционері – «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив