«Каспий» футбол клубының алдағы мақсаты премьер лигаға шығу

«Каспий» футбол клубының алдағы мақсаты премьер лигаға шығу

Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов «Каспий» футбол клубының өкілдерімен кездесті. Футбол клубының басшылығы мен бапкерлер құрамы футбол маусымынң қорытындылары мен алдағы жоспарлары туралы баяндады.

«Каспий» футбол клубы «Арсенал Киев» командасымен меморандумға қол қойып, Маңғыстаулық екі ойыншы украиналық футбол клубында тәжірибеден өтуде.

 «Жастар арасында футбол спортын кеңінен насихаттау мақсатында ашық есік күнндерін өткізді. Оған 300 жас спортшы қатысты. Балалар арасында «Caspy Cup» турнирі өткізілді. Футбол орталықтары мен академиялар арасында өткен Қазақстан Республикасы біріншілігінің ақтық сайысында жас маңғыстаулықтар 3 орынды жеңіп алды. Сонымен қатар биыл жөндеуден өткен «Жас қанат» стадионында алғаш рет «Каспий» футбол клубы өз алаңында «Қайрат А» командасымен ойын өткізіп, ойынға 3200 көрермен қатысты. Осындай көрермендер 2001 жылдан бері болмаған. Нәтижесінде «Каспий» футбол командасы көрермендердің ойынға келуі жағынан Бірніш лига командалары арасында 2 орынды алды» - деді «Каспий» футбол клубының даму бойынша менеджері Владимир Рибич.

Биылғы жылы Маңғыстаулық футбол клубына шетелдік мамандар келді. Клубытың жаңа басшылары жергілікті мамандардың біліктілігін арттыруды көздеп отыр. Бұдар басқа кездесу барысында облыстың футбол инфрақұрылымының жағдайы туралы айтылды. Ақтауға қосымша бір стадион және жаттығу үшін футбол базасы қажет. Сонымен қатар футбол спортын насихаттау үшін маркетингтік жұмыс қажет. 2018 жылдың аяғына дейін лкбу басшылығы Маңғыстау облысының балалар құрамасын құрып, барлық жаттықтырушылар үшін семинар өткізіп, балаларға арналған «Болашақ чемпиондар лигасын» ұйымдастырып, мектеп оқушыларына арнап промо-акциялар ұйымдастыруды көздеп отыр. 

«Келесі маусымда мен алдарыңызға Қазақстанның Премьер-лигасына шығуды міндеттеймін. Футболшыларды байқап, оқу жаттығу жиындарын өткізіңіздер. Маңғыстауда жаттығу базасын құру, балалар үшін халықаралық турнирлер өткізу, Қазақстанның футбол орталықтары мен академиялар арасында турнирлер өткізу, дарынды балалар үшін стипендиялар тағайындау және ребрэндинг өткізу туралы ұсыныстар бойынша  оң шешімін табуға ықпал етеміз» - деді Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов.

 

Маңғыстау облысының баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив