Емханаларға тіркелген 26000-нан астам елорда тұрғындары  еркін таңдау құқығын пайдаланды

Емханаларға тіркелген 26000-нан астам елорда тұрғындары еркін таңдау құқығын пайдаланды

 

Елімізде тұрғындарды емдеу мекемелеріне тіркеудің кезекті науқаны аяқталды. Науқанға қатысқан қазақстандықтардың басым бөлігі емханаға өздері барып тіркелсе, 13,5 мыңға жуығы онлайн қызметті таңдаған (egov.kz порталы арқылы).

«Тіркеу кампаниясы аясында, яғни 15 қыркүйек пен 15 қараша аралығында бастапқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарына тіркелгендер саны - 13 668. Медициналық ұйымдар мен дәрігерді еркін таңдау құқығын пайдаланғандар саны - 26 487. Алдын ала мәліметке сүйенсек, бүгінгі күнге дейін 2018 жылдың тіркеу қорытындысы бойынша Астана қаласындағы емдеу мекемелеріне 1 091 640 адам тіркелген»,- дейді «Міндетті   әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ   Астана филиалы директоры Нұрлыбек Қабдықапаров.           

Науқан шеңберінде емханаларға тіркелген азаматтарға 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап қызмет көрсетіледі. Азаматтар тікелей жүгінсе, оларды МСАК ұйымдарына бекіткен кезде бұрын бекітілген МСАК ұйымдарынан есептен шығару «Бекітілген халық тіркелімі» порталының дерекқоры арқылы автоматты түрде жүзеге асырылады.

Биылғы тіркеу науқанына 31 емдеу мекемесі қатысты. Тіркелгендер саны бойынша Астана қаласындағы № 6, 10, 4 және 7 емханалар алдыңғы қатарда. Сондай-ақ, тұрғындар жеке клиникалардан «Салауатты Астана» ЖШС, «Шипагер» отбасылық денсаулық сақтау орталығына көп тіркелген.

Жалпы, тіркеу науқаны – емхана ауыстырудың жалғыз жолы емес. Қазақстандықтардың жылына бір рет емхана ауыстыруға мүмкіндігі бар. Сонымен қатар, қоныс аударғанда, емхана жабылып қалса немесе МСҚ-мен келісімшартты бұзса, жақын маңнан жаңа емхана салынса, емхана қызметіне қатысты шығындарды жабатын ерікті медициналық сақтандыру келісімшартын бекіткен жағдайда басқа емханаға ауысуға болады.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ-мен келісімшартқа отырған медицина ұйымдарының толық тізімін Медициналық сақтандыру қорының fms.kz сайтынан табуға болады. Олар кепілдендірілген тегін медициналық көмек шеңберінде халыққа қызмет көрсетпек.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

11 пікір

  1. аватар
    Jeffery 26 августа 2023 23:46

    Howdy! I realize this is somewhat off-topic however I had to ask.
    Does operating a well-established blog like yours take a lot of
    work? I am completely new to running a blog but I
    do write in my journal on a daily basis. I'd like
    to start a blog so I can share my personal experience and feelings online.
    Please let me know if you have any kind of ideas or tips for new aspiring bloggers.
    Appreciate it!

    Look into my web-site Cecila

  2. аватар
    Esteban 13 января 2024 01:19

    I would like to thank you for the efforts you've
    put in writing this website. I am hoping to check out the same high-grade blog posts by you in the future as well.
    In fact, your creative writing abilities has inspired
    me to get my very own blog now ;)

    Here is my webpage ... dulcolax
    20 en venta en Italia

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив