Алматы қаласы сақтандыру жарнасын төлеу жағынан алда келеді

Алматы қаласы сақтандыру жарнасын төлеу жағынан алда келеді

 

Алматылық жұмыс берушілер өткен айда 1,8 млрд теңгеден астам медициналық сақтандыру жарнасын төледі. Сақтаныру жүйесі іске қосылған 2017 жылдың 1 шілдесінен бүгінгі күнге дейін оңтүстік астаналықтардан түскен жарна 24,1 млрд теңгеден асты.

Бұл Медициналық сақтандыру қорына республика бойынша түскен қаражаттың 21,2 пайызы. Жарна аудару жағынан Алматыдан кейін Астана қаласы (12,6% немесе 14,3 млрд теңге), үшінші орында – Қарағанды облысы (8,2% немесе 9,3 млрд теңге) тұр.

Жалпы, қараша айының басындағы мәліметке сүйенсек, еліміз бойынша МСҚ-на жинақталған қаржы сомасы 113,8 млрд теңгеге жетіп жығылады.

Жинақталған қаржы Ұлттық банкте сақталады және болашақта МӘМС пакеті шеңберіндегі қызметтер ақысын төлеуге жұмсалады. Еліміздің бас банкімен қаржыны сенімгерлік басқару туралы келісім бекітілген. Қолданыстағы заңға сәйкес МӘМС пакеті шеңберінде қызмет көрсету 2020 жылдан басталмақ.

Медициналық сақтандыру қоры МӘМС пакетіне қоса, кепілдендірілген тегін медициналық көмек (ТМККК) пакетінің операторы болып табылады. Қор бюджеттен ТМККК пакетіне бөлінетін қаржыға медициналық қызметтерді сатып алумен айналысады. Бүгінгі күнге дейін Алматы қала тұрғындарына 75,9 млрд теңгенің қызметі тегін көрсетілген.

 

МСҚ Алматы қалалық филиалының Халықты ақпараттандыру бөлімі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

1 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив