Түркістандағы танымал тұлғалар электрондық қызметтерді насихаттады

Түркістандағы танымал тұлғалар электрондық қызметтерді насихаттады

Бүгін «Азаматтарға арналған үкіметтің» Түркістан облыстық филиалында «Жұлдыздың ХҚО-дағы бір күні» республикалық акциясы өтті. Әйгілі әзілкеш, «Нысана» театрының экс-актері, «Ерекше шоу» теле-жобасының басшысы Дәнекер Оразбай, бокстан әлем чемпионы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Дина Исламбекова мен оның жеке жаттықтырушысы Алмас Қуатбеков «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында электрондық қызметтерді насихаттады.

 Танымал тұлғаларды көрген қызмет алушылар алғашында таңырқап, тосырқап қалса да, кейін атақты жерлестеріне құрмет көрсетіп, олардың кеңестерін мұқият тыңдады. Қазақстан спортының мақтанышы, көкірегінде алтын медалі жарқыраған чемпион Дина өз жаттықтырушысымен бірге халыққа сыпайы және сабырлы күйде кеңес беріп, электрондық үкімет порталының мүмкіндіктерін түсіндірді.  Ал шоумен Дәнекер Оразбай азаматтарға  электрондық кезек талонын таратса, «Шаншар» әзіл-сықақ тератрының актеры Ғалымжан Қалыбай халықты «Өзіне-өзі қызмет көрсету секторына» бағыттап отырды.

Әзілдерімен әйгілі болған жігіттер бүгін әдеттен тыс ресми костюмде, салмақты түрде халыққа мемлекеттік қызметтерді үйден шықпай-ақ немесе көшеде келе жатып-ақ ұялы телефондары арқылы алуға болатынын айтты. Рас, кейде олар қалжыңдап, азаматтарды күлкіге кенелтіп, көңілдерін көтеруді де ұмытпады.

Мұндай акция «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының барлық филиалдарында өтіп жатыр. «Міне, облысымыздың жұлдыздары біздің ұсынысымызды бірден қабылдап, тұрғындарға қызмет көрсетуге қуана келісті. Сол үшін де оларға алғысымды білдіргім келеді. Оларды халық құрметтейді және электрондық қызмет алу туралы кеңестеріне құлақ асады деген үміттемін. Еліміздің болашағы жастар қолында, сондықтан біз акцияға жас таланттарымызды шақырдық»,- дейді Түркістан облыстық филиалы директорының орынбасары Мәди Аманжол.

Халыққа кеңестік қызмет көрсеткен «жұлдызды мамандар» шамалы шаршаса да, ХҚО-да өткізген жұмыс күндеріне дән риза. «Бұл бөлімдегі жұмыс та бокстағыдай күш-қайратты, темірдей төзімділік пен үнемі дамуды талап етеді екен», - деп ой бөлісті чемпион қыз Дина Исламбекова.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Түркістан облыстық филиалы 2018 жылғы 1 қазанда құрылды. Қазіргі таңда  филиал құрамындағы 25 фронт-офис пен 34 бэк-офистерде еңбектеніп жатқан мыңнан астам маман халыққа аптасына алтын күн таңғы сағат 9.00-ден кешкі 20:00-ге дейін үзіліссіз қызмет көрсетеді.

 

«Азаматтарға арналған үкімет» ь мемлекеттік корпорациясы Түркістан облысы бойынша филиалы

Жауапты тұлға: Қаракөз Тулембаева Тел:87079298557

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив