1439 - тегін дәрілер бойынша байланыс орталығының жаңа қысқа нөмірі

1439 - тегін дәрілер бойынша байланыс орталығының жаңа қысқа нөмірі

Бірыңғай дистрибьютормен халықты тегін дәрілермен қамтамасыз ету мәселелері бойынша емделушілерге ыңғайлы болу үшін байланыс орталығында 1439 бірыңғай қысқа нөмірі іске қосылды.

Енді Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі емделушілер кез-келген қалалық телефоннан 1439 қысқа нөміріне тегін қоңырау шала алады. Байланыс орталығының операторлары диспансерлік тіркеуде тұрған және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде амбулаторлық емді алатын емделушілерге тегін босатылатын қажетті дәрі-дәрмектерді жеткізу мерзімдері, көлемдері мен жоспарланған күні туралы ақпаратты береді.

«СҚ-Фармация» ЖШС басқарма төрағасының міндетін атқарушы Берік Шәріптің айтуынша, байланыс орталығы тек дәрілерді жеткізу туралы халықты хабардар ету үшін ғана емес. «Дәрілерді жеткізудегі үзілістер туралы шағымдар үнемі туындайды. Сондықтан, халықпен дәрілерді алудағы үзілістің себептерін түсіну емделушілердің өздері үшін ғана емес маңызды емес. Бізге осы мәселелерді жүйелі түрде шешу және болашақта олардың пайда болуын болдырмау үшін қай кезеңде үзілістер орын алатынын түсіну керек», - деп түсіндірді Берік Шәріп.

Бірыңғай дистрибьютордың басшысының айтуынша, байланыс орталығының қысқа нөмірін іске қосу – бұл денсаулық сақтауды цифрландыру шеңберінде компаниямен жүзеге асырылған бірнеше жобалардың бірі болып табылады. Тағы бір жоба, дәрілерді жеткізу туралы емделушілерді хабардар ету үшін жоспарланған – бұл емханаларда тегін дәрілердің болуы бойынша бірыңғай электронды анықтама.

 «Анықтама емделушілердің өздеріне онлайн режимде дәрілік қамтамасыз ету бойынша барлық деректерді: қандай дәрі-дәрмектерге медициналық ұйым өтінім орналастырды, онда қашан және қандай көлемде дәрілер түсті,  қазіргі кезде олардың болуын, сондай-ақ дәрілердің келесі жеткізу мерзімін көруге мүмкіндік береді», - деп атап өтті Берік Шәріп. Жобаны бірыңғай дистрибьютордың сайтында 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске қосу жоспарлануда.

 

«СҚ-Фармация» ЖШС  

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив