Astana AgroForum 2018 аясында ауылдық ҮЕҰ-ларды дамыту мәселелері талқыланды.

Astana AgroForum 2018 аясында ауылдық ҮЕҰ-ларды дамыту мәселелері талқыланды.

«Азаматтық қоғам және мемлекет: серіктестік, диалог және жауапкершілік» пленарлық отырысы өтті. Елордада Astana AgroForum 2018 аясында ұйымдастырылған «Ауылдық үкіметтік емес ұйымдарды дамыту» республикалық конференциясы өтіп жатыр. Талқылаудың модераторы Қазақстанның Азаматтық Альянсының Президенті Асылбек Қожахметов болды. «Бүгінде ауыл шаруашылығын дамытудың көптеген мемлекеттік бағдарламаларында мәселенің техникалық жағын дамытуға басымдық беріледі. Сондықтан да, бұл конференция адами капиталды дамыту мәселелерін көтереді, бұл Қазақстандағы ауылдық ҮЕҰ-ларды және тұтастай алғанда осы саланы дамыту үшін негіз болып табылады»,- деді А. Қожахметов. Шараның негізгі спикерлері болып «Қазақстан фермерлері» ҚҚ жетекшісі Владимир Левин, Павлодар облысы әкімінің орынбасары Махажанов Дәурен, Ауылдық және шекаралық аумақты дамыту бөлімінің бастығы Игимбаев Данияр, «AGRO-HOLDING «QAZYNA» ауылшаруашылық өндірістік кооперативінің төрағасы Садырбаев Алмасбек және т.б. тұлғалар сөз сөйледі. Конференция барысында қатысушылар азаматтық қоғам мен мемлекет арасындағы өзара әрекеттесу мәселелерін, сондай-ақ ауыл шаруашылығын дамытудағы үкіметтік емес сектордың рөлін талқылады. Олар үшін ауылдық жерлерде азаматтық қоғам институттарын дамыту, ауыл шаруашылығын дамытуда ҮЕҰ-ның рөлінің артуы, ауылдық жерлердегі өмір сүру деңгейін көтеру тақырыбы бойынша семинарлар ұйымдастырылды. Конференцияның екінші күнінің аясында, 25 қазан, «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» ЗТБ Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен ұйымдастырған ауылдық ҮЕҰ арасында өткен әлеуметтік жобалар конкурсының қорытындысы жарияланады. Естеріңізге сала кетсек, дауыс беру жасырын өткізіліп, кез келген адам жеңімпазды таңдауға қатыса алды. Ең көп дауысқа ие болған алты жоба шағын грант иегері атанды.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив